Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы
26
январь
2018

Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

«Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы
[center][/center]

20 .12.2017ж
Қатысқандар-9

Күн тәртібінде :
1. Мектептегі қамқоршылық жұмысын жандандыру туралы.
Тыңдалды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Ш.Нурбекова.
Мектепте құрылған камқоршылық кеңес жұмыстары бүгінгі күнге дейін жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмей тұрғанын алға тартты. Кеңес мүшелеріне бүгінгі күннен бастап жұмыстарын толыққанды жандандыру керек екендігі ескертті. Қамқоршылық кеңестің ережесімен кеңес мүшелерін қосымша түсіндіріп өтті.
Кеңес төрайымы -А.Нурламанова
Мектептегі білім алушылар мен тәрбиеленушілер туралы толық ақпаратпен танысып өттім. Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайы орташа.Барлық әлеуметтік көмек қажет ететін көп балалы отбасы балалары, аз қамтамасыз етілген, жетім, жартылай жетім балалар саны -86 /сексен алты/ . Қамқорлықтағы балалар саны-5 /бес/ Қамқорлықтағы ағайынды Ерболұлдары бүгінгі күні ағасы А. Ожановтың тәрбиесінде. Бүгінгі күні осы балаларға қандайда болсын көмек қажет екені анықталып отыр. Сондықтан кеңес мүшелері заңды түрде мектеп атынан қамқорлық қорын ашуға ат салысуымыз керек. Қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетілуі тиіс.
Кеңес мүшесі- С.Сибагатова
Алдағы уақытта кеңес мүшелері тарапынан қайырымдылық көмектер ұйымдастырсақ. Көмектен түсетін түсімдер аталған балаларрға көмек ретінде берсек болар еді. Мектептің материалдық базасын жетілдірмесекте, тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге мүмкіншілігіміз бар.
Кеңес шешімі:
1. «Қайырымдылық көмек» қорының заңды түрде есеп шотын ашу қажет деп танылды..
2.Кеңес жұмысы жандандырылсын.
Кеңес төрайымы А.Нурламанова
Хатшысы З.Толымбекова