Мектеп тарихы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
ноябрь
2017

Мектеп тарихы

Мектеп 1929 жылы Үшарал селосында бастауыш мектеп болып ашылды.
1934 жылы орталау (жеті жылдық ) мектеп болып кеңейді.
1937-1938 оқу жылында орта мектепке айналды.1935 жылға дейін оқушылар әр көшедегі байлардан тәркіленіп алған үйлерде оқыды. 1954 жылға дейін аудан бойынша осы мектеп қана орта білім берді.
1954 жылы мектепке қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың есімі берілді.
1967 жылдан бастап қазіргі мектеп ғимараты салынып іске қосылды. Сол жылдарда басқа мектептердің ұстаздары тәжірибе алмасу үшін осы мектепке келетін.
Мектепті ұзақ жылдар басқарғандардың бірі Болысбек Оспанов 1954 жылдан 1977 жылға дейін директор болған. Арасында 1960-64 жылдары аудандық білім бөлімін 4 жыл басқарған. М.Мыңбаев ағамыз мектепті әр жылдарда 10 жыл басқарыпты.
Мектепте тәрбиеленіп үлкен өнерге қанат қаққан түлектердің ішінен инемен құдық қазғандай қиын кәсіпті таңдап алған ғалымдар да, жыр маржанын төккен ақындар да, тыңдаған жұртын тамсандырған әншілер де, қоғам қайраткерлері, атақты спортшылар, халық шаруашылығының еңбеккерлері, ұстаздар шыққан.
Тізім басын медицина ғылымының докторы Қ.Шуақов, экономика ғылымының докторы Ж.Балапанов, профессорлар: М.Бақиев, К.Қожахметов, Б.Өсербаев, Ә.Нұрмұхамбетов, Т.Ахметхалиев, Қ.Муқашев, Ж.Бүтіншинов құрайды. Ғылым кандидаттары: А.Майкотова, Қ.Оралбаев, С.Оспанов, С,Байберин, Г.Қабдығалиева, Б.Рымжанов, Т.Жоламанов,Т.Жумадилов, Ж.Шалғынбаев, М.Байбазаров, Н,Тоңқанова, Р. Ыдырышева, Т.Бостанов, Б.Сабырбаев, Б.Қойшыбаева,С.Баймуханова, С.Құлшанова.
ҚР халық әртісі Зейнеп Қойшыбаева, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері ақын-Сәкен Иманасов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Мұратбек Жүнісбеков.
Жергілікті азаматтар, ақындар –Тезекбай Садиев, Құдайберген Қарабаев, Сәветхан Қазиев, Тоқмұханбет Қатшыбаевтарды, Омаров Сержан дзю-до күресінен әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Бауыржан Оразғалиев еркін күрестен Афина, Бейжін олимпиадаларының қатысушылары Абай мектебінің түлектері болды.
2007 жылы мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. 2008 жылы мектеп жанынан мектепке дейінгі шағын орталық ашылды.
1940 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша қазақ тілінде оқыту жүргізіледі.