Ата- аналар жиналысының хаттамасы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата- аналар жиналысының хаттамасы
27
февраль
2018

Ата- аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама № 3
2018 жылдың 23 ақпанында Абай атындағы орта мектепте қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Қатысқаны-91
Қатыспағаны-49
Күн тәртібінде:
1.«Бала –біздің болашағымыз» тақырыбындағы І-жартыжылдықта мектепте атқарылған жұмыстың есебі.
Мектеп директоры Г.Т. Хасенова
2.Оқушылардың жеке гигиенасы, денсаулығы туралы мектеп медбикесі
Э.Манкебаева
3.«Баланы интернет тәуелділігінен қалай қорғауға болады?»
Мектеп пихологі А.Көбегенова
Жиналысты ата-аналар комитетінің төрайымы Б.Т. Қойшыбаева сөз сөйлеп ашып, күн тәртібімен таныстырды.
«Бала –біздің болашағымыз» тақырыбында мектеп директоры Г.Т.Хасенова көпшілік қауымды І-жартыжылдықта мектепте атқарылған жұмыстар, ұстаздар мен оқушылар жетістіктері және жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқып жатқан сыныптардың жалпы мектептің білім сапасы жайлы айтып өтті.
Сонымен қатар мектеп директоры оқушылардың жалпы тәртібі, оқушылардың кешігуі, ұялы телефон қолданбаулары, оқу құралдарының толық әкелмейтіндіктеріне тоқталып кетті. Сөз соңында ата-аналарға (оқушыларға аса) балаларына жіті көңіл бөлулерін, әсіресе (түнгі) кешкі уақытта көшеге шықпауын тапсырды.
«Бала –біздің болашағымыз» тақырыбында жасалған баяндамаға өз ой-пікірлерін бөлісу мақсатында жарыссөзге З.Толымбекова, Ж.Оразбаева, А.Сейітханова сынды ата-аналар шығып, «баланың бас ұстазы-ата-ана» екендігін айта келіп, ата-аналарды баланы бақылауға алып, мектеппен тығыз байланыста болуға шақырды.

Екінші мәселе бойынша мектеп медбикесі Э.Манкебаева сөз алды.Ол өз сөзінде мектеп оқушыларының жалпы тазалығы, денсаулығы жайлы айта келіп, таңертеңгі уақытта балаларды мектепке тамақтандырып жіберу қажет екенін баса айтты.
Сонымен қатар мектеп медбикесі ата-аналардың сұрағына жауап бере отырып, оқушыларға салынатын екпе жайлы және де оқушылардың медициналық құжаты жөнінде айтып өтті.
Үшінші мәселе бойынша мектеп психологі А.Көбегенова «Баланы интернет тәуелділігінен қалай қорғауға болады?» тақырыбында баяндама оқып, интернеттің пайдасымен бірге бала денсаулығына зиянды жақтары жөнінен мағлұмат берді. Осы тақырыпта бейнеролик көрсетіліп, тыңдармандарға ой салды.
Жиналысты ата-аналар комитетінің төрайымы Б.Т.Қойшыбаева қорытындылай келіп, ата-аналарды мектеппен тығыз байланыста болып, бала тәрбиесімен бірлесіп айналысуға шақырды.

Шешімі:
1.«Бала –біздің болашағымыз» тақырыбындағы мектептегі І-жартыжылдықта жүргізілген жұмыстардың есебі «қанағаттанарлық» деп есептелінсін.
2.Оқушылардың жеке бас гигиеналық тазалығы, денсаулығы күнделікті қадағалансын.
3.Оқушылардың телефонға, интернетке тәуелділік тақырыбындағы қозғалған мәселе үнемі назарда болсын.

Ата-аналар комитетінің төрайымы Б.Т.Қойшыбаева
Хатшы Г.Айтқалиева