Аттестаттаудан өтуге өтініш берген ұстаздар тізімі жасалды » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Аттестаттаудан өтуге өтініш берген ұстаздар тізімі жасалды
19
декабрь
2022

Аттестаттаудан өтуге өтініш берген ұстаздар тізімі жасалды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды. Бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында талқылаудан өтті. Қазіргі уақытта бұйрық жобасы мемлекеттік органдармен келісілуде.  

Осыған байланысты аттестатталушының ағымдағы жылы (тамыз-желтоқсан) біліктілік бағалаудан, қызмет нәтижелерінің кешенді талдамалық жинақтауынан және біліктілік тестілеуден өтуі тиіс аттестаттау кезеңі
 2023 жылғы қаңтар-мамырға ауыстырылады.  

Сонымен қатар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аттестаттау комиссиялары уәкілетті алқалы органдар ретінде аттестаттау рәсімін жүргізу, 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін мерзімі аяқталатын педагогтердің қолданыстағы біліктілік санатын сақтау бойынша тиісті шешім қабылдау қажет. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары ағымдағы аттестаттау кезеңінде (тамыз-желтоқсан) аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізсін.

Осы желтоқсан айында берілген бұйрық негізінде, Жайлаубаева Базаргүл Рамазановнаның ІІ категориясы сақталып қалтырылды. Қалған өтініш беріп отырған ұстаздардың құжаттары жинақталып, өтініштері әдістемелік кеңесте қаралды. Өтініш беріп отырған ұстаздардың, курстан өткен сертификаттары, оқушы және өз жетістіктері жинақталып папкаға салынып, 2 папка дайындалды. Ұстаздардың сабақтарына қатысып, бақылау парақтары толтырылды. Ұстаздардың 3 жылғы білім сапасы қаралып, диаграмма жалсалып бекітілді. Аттестатталуға өтініш беріп отырған ұстаздар өз иерзімдерінде өткелі отыр. Аттестаттау комиссиясының екі күндік тексеру нәтижесінде, ұстаздар аттетаттаудан өткізілсін деген шешім шығарылды. 

Ұсыныс : алдағы уақытта да өткізілетін мектепішілік, аудандық, Республикалық байқауларға оқушыларды және ұстаздар қатысып, жетістік жинауы керек.

                                                  Анықтама

Тексеру мерзімі: 19-23.12.2022ж

Тексеру тақырыбы: Педагог – сарапшы мұғалімдердің жұмыс барысы  туралы

Тексеру мақсаты: Педагог – сарапшы мұғалімдердің оқушылармен сабақ өткізу, білім деңгейлерін көтеру әдістерін бақылау.

Тексеруге жауапты: Директордың ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі уорынбасары –Скакова М.М

   2022 жылдың 19-23 аралығында  аралығында №587-Ө бұйрығы негізінде,  педагог –сарапшы мұғалімдердің сабаққа әзірлігі, сабақ беру әдіс-тәсілдерін бақылау мақсатында жекелей тексеру жұмыстары жүргізілді. 

    Мектеп мұғалімдерінің  кәсіби біліктілігі   мен шеберлігін арттыру жұмыстарын бақылау мақсатында тексеріс жүргізетін жұмыс тобы құрылды.  Жұмыс тобының мүшелері:

 М.М. Скакова ДҒӘІЖО-комиссия төрағасы

 Р.Д.Манкаева  ДОТІЖО -комиссия мүшесі 

Бірлестік жетекшілері:

1.Бекетова Ляззат Жумановна

2.Кыдырханова Сымбат Кыдырханкызы

3.Мамырбекова Кульшат Даулетовна

4.Скакова Маншук Муратқызы

5.Асқарұлы Мерей

      Жұмыс тобы өз жұмысын мұғалімдердің құжаттары мен сабақ жоспарларын тексеріп, жоспармен  танысудан бастады.

     2018-2023 жылдар аралығында, педагог-сарапшы санатына өткен 14 ұстаз еңбек етеді. Құрылған комиссия мүшелері педагог-сарапшы мұғалімдердің, сабаққа дайындығын және пәнді оқытуға жалпы дайындықтарын, әрбір сабаққа дайындықтарын тексерді.
      Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күн аралық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады).                    Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалынған.

     Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс.                         Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады.

Төмендегі ұстаздар:

1. Кенешбаева М.

2. Нурумова М.

3. Нусипов К

4. Капасова Н

5. Мамырбекова Н

6. Манкаева Р

7. Нурбекова Ш

8. Кокебаев Ж

9. Мухамадиева Г

10.Толепбергенова С

11.Байсалова А

12.Кожекенова Н

13.Турусбекова А

14.Кереева Н  оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйренуін жақсы біледі. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдай алады. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру біледі. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындай біледі. Педагог-сарапшы мұғалімдер сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөледі.
     Педагог-сарапшы ұстаздарға сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс екені айтылып, ескерту жасалды. Мұғалімдер материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
     Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек екені ескертілді..
 Мұғалімдердің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасалды. Атап айтсам:
 1. Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.
 2. Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.
 3. Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жаз.
 4. Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.
 5. Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал.
 6. Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақта.
 7. Сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның» барлығын жоспар-конспектіге жаз.
 8. Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр.
 9. Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.
 10. Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының).
 11. Өзіңнен сұра:
 - Сен сабаққа дайынсың ба?
       Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.


Ұсыныс: мұғалімдердің алдағы уақытта сабққа күнделікті дайындалып жүруі, ашық сабақтар беруі жүйелі түрде жүргізілсін.