Орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми - әдістемелік жұмыс жоспары » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми - әдістемелік жұмыс жоспары
07
июнь
2021

Орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми - әдістемелік жұмыс жоспары

Мектептің әдістемелік тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру арқылы оқыту мен оқудағы оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін дамыту

Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты: мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік көмек көрсету болып табылады. 

Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері: 

  • Мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру (озық тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату мен жүйелі зерттеу, үйрену);
  •  Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық-психологиялық даярлық деңгейін көтеру;
  •  Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;
  •  Оқуты мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
  •  Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері және психолог, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімдерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде әдістемелік көмек көрсету;
  •  Оқу жоспары мен бағдарламаларын үйлестіру, жетілдіру, оқу пәндерінің мазмұнын жаңартуға және өндеуге ұсыныстар беру;
  •  Оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар мен онкүндіктер ұйымдастырып, олардың мектептегі педагог қызметкерлердің шеберлігін арттыруға ықпал ету;
  •  Басқа ғылыми орталықтармен және білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауатын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
  •  Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, әдістемелік бірлестіктердегі ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау.
  •  Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.                                Жұмыс нысандары:

    Жұмыстың негізгі бағытары 

    Іс-шаралар 

    Жауаптылары 

    Орындау мерзімі 

    Педагогикалық шеберхана жұмысын ұйымдастыру

    Ұйымдастыру-шылық

    ОӘІМ

    Қыркүйек

    Мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстарынан өткізу кестесін жасау


    ОӘІМ

    Қыркүйек

    Ғылыми-әдістемелік семинарлар жоспарын жасау, бекіту


    ОӘІМ

    Тамыз 

    ӘБ  жұмыс жоспарын бекіту

    Талдау 

    Бірлестік

    жетекшілері

    Қыркүйек

    Мұғалімдердің қалалық, облыстық, республикалық семинарларға, пед.оқуларға қатысуын қамтамасыз ету

    Ұйымдық

    ОТЖ орынбасарлар

    Жыл бойы

    Жаңартылған бағдарламасы  бойынша  бейімдеу туралы ақпараттар беру 


    ОӘІМ

    Айына 1 рет

    Оқу жоспарын құру

    Құжаттармен жұмыс, талдау 

    ОІМ

    Тамыздың соңғы аптасы

    Тарификацияның түсініктемесі, статистикалық есептілік, сабақ кестесі, т.б. құжаттар даярлау

    Құжаттармен жұмыс, талдау


    Мектеп әкімшілігі

    Қыркүйектің 1-2-ші аптасы

    Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды бекіту

    Талдау 

    Бірлестік жетекшілер

    ОӘІМ

    тамыз

    Тәлімгер жұмысын ұйымдастыру


    ӘБ

    жетекшілері

    Қыркүйек

    Кітапханадағы оқу-әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау

    Баяндау, картотекалық жұмыс 

     Кітапханашы

    2 айда бір рет

    Оқушылар мен педагогтардың ғылыми жұмыстарының жинағын шығару

    Сараптау 

    ОӘІМ

    Сәуір 

    Оқушылар мен педагогтардың ғылыми конференцияларға қатысуына дайындық

    Консультация 

    Бірлестік жетекшілер

    ОӘІМ

    Жыл бойы

    Мұғалімнің табыстылығының диагностикасы

    Анкеталау, бақылау

    Мектеп психологы

    Наурыз 

    Педагогикалық кадрлардың рейтингісін шығару

    Құжатттармен жұмыс, сараптау

    ОӘІМ

    Мамыр