Сараптамалық кеңес туралы ереже » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сентябрь
2022

Сараптамалық кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Ереже:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына;

2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды  дамытудың         2020-2025  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

1.2. Сараптамалық кеңес (бұдан әрі – СК) – инновациялық педагогикалық тәжірибеге сараптама жүргізу үшін мектепке дейінгі, негізгі және орта білім  беру саласындағы аудандық оқу-әдістемелік кеңестің (бұдан әрі – АОӘК) жанынан құрылады.

1.3. Инновациялық педагогикалық тәжірибе сараптамасы – педагогикалық кадрлардың практикалық жұмысының нәтижелерін кешенді бағалау.

1.4. СК мүшелері бағыттар бойынша педагогикалық кадрлардың практикалық жұмыс тәжірибесінің тәуелсіз сараптамасын жүзеге асырады.

1.5. СК отырысы тоқсанда (квартал) 1 рет өткізіледі, шешім хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға Сараптамалық кеңестің төрағасы мен жауапты хатшысы қол қояды. СК шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік (70%-дан астам) дауысымен қабылданады. СК шешімі отырыста оның толық құрамының кемінде 60%-ы болған кезде жарамды деп есептеледі. Сараптамалық қорытындыны жауапты хатшы рәсімдеп, қол қояды және СК төрағасымен бекітеді.

2. СК мақсаты мен міндеттері

2.1. Аудан педагогтарының инновациялық педагогикалық тәжірибесінің материалдарын сараптау.

2.2. СК міндеттері:

2.2.1. Педагогтардың  инновациялық педагогикалық тәжірибесінің материалдары бойынша сараптамалық қорытынды дайындау.

2.2.2. Педагогикалық бастаманың жаңашылдық дәрежесін ауданда білім беруде практикалық маңызы мен орындылығын анықтау тұрғысынан зерделеу.

2.2.3. Инновациялық іс-әрекетінің аралық және соңғы нәтижелерінің сараптамасы.

2.2.4.  Аудан педагогтарының  инновациялық педагогикалық тәжірибесінің материалдары бойынша сараптамалық қорытынды дайындау, облыстық Сараптамалық Кеңеске ұсыну.

3. Сараптамалық кеңестің негізгі принциптері, жұмыс әдістері және қызмет нысандары

3.1. Принциптері:

3.1.1 .Объективтілік;

3.1.2. Жариялылық, ашықтық;

3.1.3. Алқалық;

3.1.4. Ұтқырлық және орындаушылық.

3.2. Әдістері:

3.2.1. Сараптау;

3.2.2. Талдау;

3.2.3. Әңгімелесу, сұхбаттасу;

3.2.4. Жіктеу;

3.2.5. Салыстыру;

3.2.6. Жалпылау;

3.2.7. Үйлесімдеу;

3.2.8. Жүйелеу;

3.2.9. Пікір білдіру.

3.3. Сараптама нысандары

3.3.1. Аудан педагогтарының инновациялық педагогикалық тәжірибесінің материалдары;

3.3.2. Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау материалдары.

4. СК құрамы

4.1. СК 17 адамнан тұратын АОӘК мүшелерінің қатарынан, сондай-ақ ғалым-педагогтарды, практик-мұғалімдерді, өзінің білім саласында беделді мамандарды тарта отырып құрылады.

4.2. СК жұмысына басшылық жасайды – АОӘК  аға әдіскері.

Кеңестің құрамына төраға, төрағаның орынбасары, жауапты хатшы, кеңес мүшелері кіреді.

4.3. Сараптамалық кеңестің құрамы АББ шешімімен бекітіледі. АББ мүшелері Кеңес мүшесінің төраға, төрағаның орынбасарын және СК хатшысын сайлайды. 

5. Сараптамалық кеңес мүшелерінің міндеттері

5.1. Төрайым мен төрайымның орынбасары сараптамалық кеңестің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады, сараптама рәсімін және сараптамалық кеңестің жалпы жұмыс тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. ООӘК –не материалдарды ұсынады. Сараптау кеңесін АОӘК төрағасы немесе төрағасының орынбасары басқарады. Сараптамалық кеңестің құрамына төрағасының орынбасары, жауапты хатшы, кеңес мүшелері кіреді. Төрағасы, төрағасының орынбасары бір мезгілде болмаған жағдайда СК-ң отырысы өткізілмейді.

5.2. Сараптамалық кеңес мүшелері мұғалімдердің инновациялық педагогикалық тәжірибесінің материалдарымен танысады және материалдардың сәйкестік дәрежесі туралы сараптамалық қорытынды дайындайды. Сараптамалық кеңес мүшелері сараптамалық кеңестің жұмыс отырысында педагог материалдарымен танысады. Келіп түскен материалдар бойынша сұрақтар тізімін қалыптастырады және СК хатшысына береді.

5.3. Сараптамалық кеңестің жауапты хатшысы сараптамалық кеңеске келіп түскен өтінімдер мен материалдарды тіркейді, олардың рәсімделуін талаптарға  сәйкестігін тексереді, оларды сарапшыларға береді, олардан рецензияларды қабылдайды, олардың негізінде сараптамалық кеңес қорытындыларының жобаларын дайындайды, сараптамалық кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастырады, отырыстардың хаттамаларын жүргізеді, сараптамалық кеңестің қорытындыларын дайындайды.

5.4. Сараптамалық кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері:

5.4.1. Сараптамалық кеңес мүшелері мен сарапшылар сараптамаға түскен материалдар ақпаратының құпиялылығын сақтау үшін дербес жауапты болады. Олар:

- авторлар және материалдардың мазмұны туралы мәліметтер; 

- сараптамадан өтудің барлық кезеңдері туралы мәліметтер;

5.4.2. Сарапшылар жұмыс барысында туындаған «мүдделер қақтығысы» жағдайлары туралы сараптамалық кеңестің жауапты хатшысына уақтылы хабарлауға міндетті.

5.4.3 СК мүшелері СК-дан бас тартуға құқылы.

Сараптамалық кеңестің өкілеттік мерзімі мен құрамы АОӘК шешімімен жылына 1 рет бекітіледі. Сараптамалық кеңестің құрамы мен өкілеттік мерзіміне, оның ішінде кезектен тыс өзгерістер мен толықтыруларды сараптамалық кеңестің төрайымы енгізеді. Сараптамалық кеңестің құрамын жаңа мерзімге бекіту кезінде ауыстыру қарастырылады.

СК мүшелері: 

1) объективті, толық және дұрыс мәліметтерді ұсынады;

2) келіп түскен материалды қарауға қатысты деректерді жасыруға жол берілмейді;

3) ғылыми этиканы бұзу фактілеріне ден қояды;

4) шешім қабылдау кезінде қоғамдық пікірдің, тараптардың бірінің немесе үшінші тұлғалардың ықпалынан еркіндік;

5) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;

6) қызмет процесінде СК басқа мүшелерінің, педагогтердің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздерді, айыптауларды қолданбайды. Осы тармақта көрсетілген талаптарды сақтамау фактілері анықталған жағдайда, СК мүшесі құрамнан шығарылады.

5.5. Сараптамалық кеңес мүшесін мерзімінен бұрын шығару туралы мәселені Сараптамалық кеңес мүшесі жұмыс рәсімдерін жүйелі түрде бұзған, өз функцияларын орындамаған, біліксіз көрінген, «мүдделер қақтығысы» жағдайында объективтілік болмаған кезде Сараптамалық кеңестің төрайымы қоя алады (сарапшы материалдарды сараптамаға ұсынған білім беру ұйымы басшысының ғылыми жетекшісі не тең авторы болып табылады).

6. Сараптамалық кеңестің жұмыс тәртібі

6.1. Материалдар сараптама кеңесінің отырысына дейін бір ай бұрын мектеп директорларының өтініші бойынша қағаз жүзінде (3 дана) немесе электронды нұсқада қабылданады. Барлық парақтар нөмірленуі қажет. Ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдар тіркелмейді және қайтарылады.

Материалдар төмендегідей сараптамаға қабылданады:

- білім мекемесінің ұсынымдары;

- мектеп мұғалімдерінің, ЖОО ғалымдарының, білім бөлімі мамандарының (әдіскерлерінің) оң пікірлері.

Инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау бойынша жадынама қоса беріледі (3-қосымша).

СК теріс шешіміне апелляцияны педагог шешім шыққан күннен бастап 1 (бір) ай ішінде еркін түрде береді. Аппеляция берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Аудандық білім бөлімінің бұйрығымен апелляциялық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады. Комиссия құрамына тиісті мамандық бойынша тәжірибелі 3 (үш) маман енгізіледі. Комиссия мүшелері рецензенттер, бірлескен авторлар, жұмыс ұсынылған білім мекемелерінің  қызметкерлері бола алмайды.



6.2. Сараптамалық кеңестің жұмыс тәртібі:

6.2.1. Бірінші кезең – тіркелген күннен бастап 2 апта ішінде:

А) материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігіне алдын ала техникалық сараптама;

В) техникалық сараптамадан өткен материалдарды бағыттар бойынша педагог кадрлардың практикалық жұмысының мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкестігіне сараптау. бірінші кезеңінің нәтижесі – сарапшының пікірі.

 6.2.2. Екінші кезең – қорытынды шығару бойынша СК жұмыс отырысы. Екінші кезеңнің қорытындысы хаттамамен ресімделген отырыстың шешімі және сараптамалық қорытынды болып табылады.

Оң/теріс шешім шығару бойынша СК хатшысы педагогтың тәжірибесін (материалдарын) СК шешімінен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мұрағатына жібереді. Педагогтың тәжірибесіне (материалдары)  келесі құжаттар қоса беріледі:

1) педагогтың өтініші (тиісті түрде, қосымша 1);

2) материал электрондық тасымалдағышта;

3) жарияланған мәселе бойынша жарияланымдардың тізімі мен көшірмелері;

4) рецензиялар (2 рецензия – 1 – бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар педагогтан, басқа өңірдің жоғары/бірінші санатты педагогтан немесе педагог-шеберінен) қосымша 3,4;

5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдардың, оларға қосымшалардың көшірмелері (транскрипт көшірмелері);

6) кадр қызметінің жұмыс орны бойынша расталған жеке парағы.


САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕГЕ ҚОСЫМША

1-қосымша



Орта білім беру саласындағы АОӘК төрайымы

____________________________________________

Мұғалімнің ТАӘ_____________________________

____________________________________________

мекенжай___________________________________

байланыс телефоны/электрондық пошта

____________________________________________


ӨТІНІШ


АОӘК-тің сараптамалық кеңесінің отырысында ______________________________________ _____________________________________________________________ мәселесі (тақырыбы) 

бойынша педагогикалық жұмыс тәжірибемді қарастыруыңызды сұраймын.       

            Тиісті құжаттар қоса беріледі. Беттердің жалпы саны _____.


Мерзім   «___»    ________ 20___ж.                                 Қолы _____________________________

2-қосымша


р/с

Тіркеу мерзімі

Материал атауы

Материалды ұсынушының ТАӘ

Материалды тапсырушы қолы мен мерзімі

Материалды қабылдаған хатшының ТАӘ


Хатшы қолы және материалдарды қабылдаған мерзімі

Хатшы қолы және рецензияланған материалдарды қайтару мерзімі

Ескерту

(СК шешімі)










3-қосымша


РЕЦЕНЗИЯНЫ ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Рецензия (қарастыру, пікір беру) – бұл жаңа көркем немесе ғылыми туындыны, тәжірибелік-эксперименттік жұмысты, ғылыми жобаларды, оқу, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді, білім беру ұйымдарының материалдарын және т.б. сараптау, сыни талдау, бағалау, одан әрі оларды бекіту, қорғау, жариялау, апробациялау, қорыту және т.б. алдында жұмыстар.

Рецензияда толық және нақты түрде келесілер нақты көрсетілуі тиіс:

1. Жұмыстың өзектілігі (тұжырымдамалар, бағдарламалар, зерттеу немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыс тақырыптары және т.б.) оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік басымдықтармен байланысы.

Оның қажеттілігі, өзектілігі, күн қажеттіліктеріне сәйкестігі.

2. Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі:

а) модификациялық: жаңғырту, жоғалған, бірақ белгілі тәсілдемені, әдістемені, технологияны, әзірлемені, жүйені және т. б. қалпына келтіру;

б) комбинаторлық: жаңа сапаға әкелетін түрлі үйлесімдегі белгілі элементтердің интеграциясы;

в) радикалды: жаңа, жаңашыл, бұрын белгісіз нәрсені ойлап табу. 

3. Жұмыстың жаңашылдық деңгейі:

3.1. Білім беру жүйесінде аналогтардың болуы немесе болмауы:

а) қала-ауданда;

б) облыста;

в) республикада;

г) шетелде

3.2. Оның тудыратын өзгерістер масштабы (жеке – локальді, дара, бір-бірімен байланыспаған; модульду – бір-бірімен байланысты жекелердің кешені; жүйелі – тұтастай мектепті қамтитын).

4. Жұмыстың ғылымилылығы – оның жаңа білім беру парадигмасының философиясына, әдістемесіне, психологиясына және педагогикалық ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктеріне сәйкестігі.

Келесілерге бағытталғандық:

а) оқушылардың білімін, білігін, дағдысын қалыптастырып қана қоймай, оқушылар тұлғасын дамыту және тәрбиелеу;

б) балалардың психофизиологиялық және әлеуметтік денсаулығын сақтау;

в) білім беру процесінің экономикалық, экологиялық, этнопедагогикалық, психологиялық бағыттылығын қамтамасыз ету;

г) білім беру мазмұнының гуманистік, интеграциялық және инновациялық тәсілдерге және т.б. сәйкестігін қамтамасыз ету;

д) ғылыми талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету (мәселенің, ғылыми гипотезаның, мәселені гипотезалық шешудің, ғылыми негізделген зерттеу жүргізудің, зерттеу нәтижелерін зерттеуге дейін алынған деректермен салыстырудың болуы). 

5. Ішкі бірлікті бағалау және жұмыстың әдіснамалық негізінің сипаттамасы: нәтижелердің әдіснамалық негіздермен қисындылығы, өзара байланысы, олардың қайшылықсыздығы.

6. Жұмыстың әрбір нәтижесінің, ғылыми жағдайының, түйіндері мен қорытындыларының негізділігі мен дәйектілігінің деңгейі.

7. Жұмыстың практикалық маңыздылығы – ұсынылған жұмыс істің нақты жағдайын жақсы жаққа өзгертуге қаншалықты мүмкіндік береді. Практикаға енгізу үшін не ұсынылады.

8. Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерін ұсыну (апробациялау) формалары мен тәсілдері (мақалалар, баяндамалар, шығармашылық есептер, оқу-әдістемелік қамтамасыз етумен ашық сабақтар, әдістемелік құралдар, ұсынымдар, диаграммалар, кестелер, талдаулар және т.б.).

9. Ресімдеу талаптарына сәйкестігі. Жұмыстың мазмұны бойынша кемшіліктер мен ескертулер.

10. Жұмысты пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар (апробациялау, жалпылау, тарату, жариялау, бекіту, аттестаттау, кемшіліктерді жою, пысықтау, бекіту және т. б.).



Рецензент:

Ұйымның атауы, 

ғылыми дәрежесі, 

ғылыми атағы көрсетілген лауазымы ______________________ ТАӘ

                                                                   қолы, күні

4-қосымша


Инновациялық педагогикалық тәжірибенің ақпараттық картасы 

(ұсынушы тараппен толтырылады (әдістемелік бірлестіктің, аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттің басшысы, әкімшілік / конкурстың қазылар алқасы)


І. Жалпы мәліметтер


Тәжірибе авторының ТАӘ

Тәжірибе авторының жұмыс істейтін оқу орны, индексі бар мекенжайы

Оқытылатын пәні немесе орындалатын функционалы көрсетілген лауазымы

Лауазымдағы жұмыс өтілі


II. Тәжірибенің маңызды сипаттамалары


1. Инновациялық педагогикалық тәжірибе (ИПТ) тақырыбы


2. Өзгерістер дереккөзі (қарама-қайшылықтар, оқытудың жаңа құралдары, білім беру қызметінің жаңа шарттары т.б.)


3. Өзгерістер идеясы (ИПТ мәні неде: білім беру, коммуникациялық-ақпараттық немесе басқа да технологияларды пайдалануда, білім беру мазмұнын өзгертуде, оқу немесе тәрбие процесін ұйымдастыруда т.б.)


4. Өзгерістер тұжырымдамасы (тәсілдері, олардың баламаларынан артықшылықтары және жаңалығы, шектеулері, еңбек сыйымдылығы, тәуекелдер)


5. Өзгерістерді іске асыру шарттары (педагогтің жеке-кәсіби сапасын және ол қол жеткізген кәсібилік деңгейін қоса алғанда)


6. Өзгерістер нәтижесі


7. Ұсынылған инновациялық педагогикалық тәжірибе туралы жарияланымдар



III. Оқытушының инновациялық тәжірибесінің сипаттамасы

Еркін түрде орындалады, оқытушының өзінің инновациялық тәжірибесін 1 бетке дейін деректермен сипаттауы (1800-2000 б.)


IV. Рецензия

Өзгерістерді таратудың болжамды ауқымы мен формалары


Рецензенттің тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы, пошталық мекенжайы



V. Тәжірибенің ақпараттық сипаттамалары **

Инновациялық тәжірибенің сипаттамасы

Оқыту 

Тәрбиелеу 

Қосымша білім беру

1. Құндылықтар мен құндылықты бағдарлар




2. Мақсаты мен міндеттері




3. Білім беруді басқару (ОО үшін, оқытушылар мен кураторлар үшін)




4. Білім беру мазмұны




5. Технологиялар, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар




6. Құралдар 




7. Әдістер




8. Ұйымдастыру формалары




9. Білім беру ортасы




10. Ақпараттық-әдістемелік орта




11. Ақпараттық ресурстар




12. Ұйымдастырушылық ресурстар




13. Мотивациялық ресурстар




14. Кадрлық ресурстар (оқу орындарында іске асырылатын инновацияларды сипаттау үшін)




15. Ғылыми-әдістемелік ресурстар (оқу орнына да, оқытушылар үшін де маңызды)




16. Материалдық-техникалық ресурстар (оқу орны үшін де, оқытушылар үшін де маңызды)




17. Нормативтік-құқықтық ресурстар (оқу орнынада іске асырылатын инновацияларды сипаттау үшін)





«Тәжірибенің ақпараттық сипаттамалары» кестесі тәжірибенің мазмұнын білдіретін білім құрауыштарына сәйкес тәжірибенің мазмұнды сипаттамалары негізінде толтырылады (II тармақ). Оқытушының инновациялық педагогикалық тәжірибесін ұсынған кезде 3, 14, 17 тармақтары толтырылмайды.

Баған тәжірибе мазмұнын білдіретін білім құрамдастарын қамтиды.

Таңдалған ұяшыққа ұсынылған тәжірибенің маңыздылығын құрайтын өзгерістерді көрсететін 3-5 кілт сөзді жазыңыз.


 
 












5-қосымша

«БЕКІТЕМІН»

Сараптамалық  кеңес төрайымы

ТАӘ

_______________________                                  «____» __________ 20...ж.


Мектепке дейінгі, орта және ТжКБ беру саласындағы инновациялық педагогикалық тәжірибеге ҚОРЫТЫНДЫ


Білім беру ұйымдары:_____________________________________________________________ 

Авторлар________________________________________________________________________

Тақырыбы_______________________________________________________________________


1. Инновациялық педагогикалық тәжірибенің өзектілігі ________________________________

________________________________________________________________________________

Қорытынды: жұмыстың білім беру ұйымының қажеттіліктеріне, әлеуметтік тапсырысқа, БҰ жұмысындағы елеулі кемшіліктерді жою мүмкіндіктеріне сәйкес келу дәрежесі. Рецензияға қойылатын талаптарды қараңыз. ___________________________________________________


2. Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі:______ _____________________________________

________________________________________________________________________________

Қорытынды: Шығармашылық жаңалық жұмыстың (инновациялық)  әлеуеті. Рецензияға қойылатын талаптарды қараңыз ____________________________________________________


3. Жұмыстың жаңашылдық дәрежесі – білім беруде аналогтардың болуы немесе болмауы:______________________________________________________________________

Қорытынды. Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейінің бүкіл мектеп дамуының ғылыми-әдістемелік деңгейіне сәйкестігі. Рецензияға қойылатын талаптарды қараңыз. ________________________________________________________________________________


4. Жұмыстың ғылымилығы:________________________________________________________

Қорытынды: жұмыстың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету дәрежесі.


5. Ішкі бірлікті бағалау және жұмыстың әдіснамалық негізінің сипаттамасы, оның білім беру ұйымының жалпы даму стратегиясымен байланысы.___________________________________

Қорытынды: жұмыстың әртүрлі элементтерінің тұтастығы, қарама-қайшы еместігі_________


6. Әрбір нәтиженің, ғылыми жағдайдың, жұмыстың тұжырымдары мен қорытындыларының негізділігі мен дәйектілігінің дәрежесі:_______________________________________________

Қорытынды: жұмыстың негізділік және нақтылық дәрежесі.____________________________


7. Жұмыстың практикалық маңыздылығы:___________________________________________

Қорытынды: жұмыстың нәтижелілігін болжау (есептер бойынша немесе сараптамалық жолмен). Резенцияға талаптарды қараңыз. __________________________________________


8. Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерін (мақалалар, баяндамалар, шығармашылық есептер, оқу-әдістемелік қамтамасыз етумен ашық сабақтар, әдістемелік құралдар, ұсынымдар және т. б.) ұсыну формалары мен тәсілдері)______________________


Қорытынды: жұмыс нәтижелерін ұсыну деңгейі _____________________________________


9. Ресімдеу талаптарына сәйкестігі. Жұмыстың мазмұны бойынша кемшіліктер мен ескертулер_____________________________________________________________________


10. Жұмысты пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар (апробациялау, қорыту, тарату, жариялау, бекіту, аттестаттау, кемшіліктерді жою, пысықтау, бекіту және т. б.)



СК-ның жауапты хатшысы     __________________________             ТАӘ