«Мектеп менеджменті» ашық есік күні ұйымдастырылды » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мектеп менеджменті» ашық есік күні ұйымдастырылды
15
апрель
2022

«Мектеп менеджменті» ашық есік күні ұйымдастырылды




«Мектеп менеджменті» тақырыбында Абай атындағы  қазақ орта мектебінде 15  наурыз күні  ашық есік күні ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты:мектептегі  оқу-тәрбие, әдістемелік  жұмыс моделін көрсете отырып, аудан деңгейінде  тәжірибе алмасу. 
  Ашық есік күнінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарының, ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарының , тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың, психолог, дефектолог, әлеуметтік педагогтың құжаттары  көрмеге  қойылып, аудан мектептерінен  мамандар келіп, өзара пікір  алмасты, мектептің жұмыс жүйесімен танысты. 
  Ашық есік күніне  қала мектептерінен  Үшарал №2, С.Иманасов,  М.Мыңбайұлы  мектептері, ауыл мектептерінен Жанама орта мектебі, Ақтүбек орта  мектебі, Қабанбай батыр мектебі, Бескөл № 14 мектебі  директор орынбасарлары, дефектолог, психологтар қатысып, Абай мектебінің құжаттамаларын көріп, өздеріне қажетті  құжаттарды жүргізу туралы әдістемелік көмек алды.