Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына және 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық –мейірімділік бұлағы» атты Ұлттар достығы фестивалі » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына және 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық –мейірімділік бұлағы» атты Ұлттар достығы фестивалі
04
июнь
2021

Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына және 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық –мейірімділік бұлағы» атты Ұлттар достығы фестивалі

Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына және 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық –мейірімділік бұлағы» атты Ұлттар достығы фестивалі өткізілді. Фестивальда 4-10 сынып оқушылары қазақ, орыс, украин, татар, ұйғыр, тәжік, грузин, өзбек, неміс, молдован, кәріс ұлттарының ұлттық киімдерін киіп, билерін билеп, қазақ халқына алғыстарын айтты.

   Алғыс айту күні –бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл –тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Алғыс айту күні–Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы –еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Осы мерекелі күнге орай өткізілген Ұлттар достығы фестивалі 5 а сынып оқушысы Советқазы Инабаттың «Қазақ елі осындай» атты тамаша әнімен аяқталды. Фестиваль соңында барлық қатысушы сыныптар сахнаға жинақталып, әнді қосыла шырқап, би биледі.