Ата – аналармен тренинг «Біз бақытты отбасы!» » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата – аналармен тренинг «Біз бақытты отбасы!»
15
ноябрь
2021

Ата – аналармен тренинг «Біз бақытты отбасы!»

 
Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау.

Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Халық арасындағы «Отан отбасынан басталады» деген қағидаға айналған сөз қай кезде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес. Отбасы – адам баласының өсіп-өніп,  қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы.

Отбасылық құндылықтар дегеніміз – бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.

Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.

Сәлемдесу (бір-біріне алақан жылуын беру арқылы)


Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
 
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі ….

— Мен өз отбасымды мақтан тұтамын, себебі ….
 — Отбасы бұл ….

— Отбасым бақытты болу үшін …
 — Отбасымда зорлық- зомбылыққа жол жоқ, себебі  …
 — Мен қалар едім отбасымның  ….
 — Мен үшін бақытты отбасы  …
 — Өзімнің отбасыма көңілім толады, себебі   ....
 — Отбасымыздың ұйытқысы (кім(дер)?) ......., себебі   ......
 — Отбасының міндеттері (кімдерге)  .......   жүктелген, себебі .....

— Мен үйіме асығып тұрамын, себебі ….


Бақыт деген не өзі?   /бейнебаян көрсету: Б.Момышұлы/
 Б.Момышұлының пайымдауында бақыт дегеніміз…………………..
 Бақыт әркімнің өзіне , өмір сүрген ортасына жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа паңданып мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес…
 Бақыт дегеніміз — өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру. Адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенше өз заманын түсіне білу , өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу. Ар намысты қорғау –бақыттың шыңы, қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап шығу – ол да бақыттың шыңы. Жеңсең бақыт.



Күлкі — көңіл ажары (сергіту) (1 мин сұраққа жауап беру)
 
Ата-аналар сіздерге берілетін сұрақтарға яғни жағдаяттарға тек қана балаңыздың атының бірінші әріпімен жауап бересіздер?
 • Тренинг ұнап жатыр ма?
 • Сағат неше болды?
 • Шаршадыңыздар ма?
 • Үйге асығып тұрсыз ба?
 • Қонақтарға не айтасыңдар?
 • Психолог шаршады ма екен?
 • Үй тапсырмасына көмектесесіздер ме?
 • Бүгін тренингке қандай көңіл-күйде келдіңіз?
 • Жиналысты ұнатасыз ба?
 • Қонаққа мені шақырасыздар ма?
 • Қандай ас ұнатасыздар?
 • Балабақша ұнай ма?
 • Үйге қалай барасыздар?
 • Туған күнге не сыйлайсыз?
 • Билеп аламыз ба?
 • Шайға не қосып ішесіздер?
 • Сұрағым өте көп пе?
 • Үйді кім жинайды?
 • Төсекті ше?
 • Асты кім пісіреді?

• Кешкі асқа не пісіресіз?
 • Каникулда не істейміз?
 • Қуанғанда не істейсіз?
 • Ренжіткен адамға не айтасың?

 Сіз энергияны қайдан аласыз?
 • Сұрақтар қашан бітер екен?

Қорытынды бөлім:«10-5-4» әдісі.
 
Алдарыңыздағы ақ қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті құндылықтарды жазыңыздар. Саны — 10. (Мысалыақша, денсаулық, білім, үй, ағайын-туыс, тәртіп, махаббат, бала, достық, бақыт)
 Енді бесеуін сызып тастаңыздар, тағы төреуін сызыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды, соны оқысаңыздар. Ол көбіңізде «Бала» сөзі болар. Олай болуы заңдылық. Өйткені «Бала — ата-ананың бауыр еті», ұрпағын жалғастырар жалғасы. Әр ата-ана баласы үшін өмір сүреді. Осы басты құндылықтарымыз «балаларымыздың» тәрбие-тәртібіне аса мән берейік. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі тренингімізді аяқтаймын.
 «Ертең өсіп келеді, ертеңмен бірге адам өсіп келеді. Бізде қазір жаңа қоғам ғана жасалып жатқан жоқ, жаңа адам жасалып келеді», деген екен академик З.Қабдолов. Олай болса ертеңіміз нұрлы да жарқын болуы үшін мектеп, ата-ана болып бірлесе жұмыс жасайық. Бүгінгі кездесуге келіп қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.


Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, балаларыңыздың жемісін көріп, саялы бәйтерекке айналыңыздар!!!!



Мектеп психологі: А.Т.Кобегенова