27
декабрь
2024
Мектепішілік жалпы ата -аналар жиналысы

2024жыл 27 желтоқсан күні мектепішілік жалпы ата -аналар жиналысы өтті. Жиналыста қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында жоспар құрылып жоспарға сәйкес іс -шаралар өтетіні туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай -ақ қысқы каникул кезінде оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда екені, оның ішінде жол қауіпсіздігі, жаңа жыл кезінде пиротехникалық жарылғыш заттарды пайдаланбау, мұз үстіндегі қауіпсіздік, балалардың өмірі мен
денсаулығы, кешкі уақытта көшеге заңды өкілсіз балалардың ешқайда шықпауы туралы ескертілді.