Жас және жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс қорытындысы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72833) 3-51-39
Бухгалтерия
+7(72833) 3-54-15
Версия для
слабовидящих
» » » Жас және жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс қорытындысы
06
декабрь
2022

Жас және жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс қорытындысы

                                         Анықтама

Тексеру мерзімі: 06.12 -09.12.2022жыл

Тексеру тақырыбы: Жас және жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс қорытындысы туралы.

Тексеру мақсаты:Жас мамандар мен жаңадан келген ұстаздардың құжаттарын, күнделікті сабақ жоспарларын, қолданылатын технологияларын және оқушылармен жүргізіетін жұмыс жүйесін бақылау

Тексеруге жауапты: Директордың  ғылыми -әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – М.М. Скакова 

    Мектепішілік  06.12.2022 жыл   №572-1-Ө  Бұйрығының негізінде желтоқсан  айының 06.12 -09.12.2022 жыл күндер аралығында жас және жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс қорытындысы туралы.

    Жас мамадар мен жаңадан келген ұстаздардың жұмыс жүйесін бақылау мақсатында тақырыптық бақылау жүргізілді. 2022-2023 оқу жылының басында жас мамндармен жүргізілетін жұмыс жоспары құрылып, тәлімгерлер бекітіліп берілген.

Қыркүйек айынан бастап жас мамандарға сабақ туралы   әдістемелік нұсқау беріліп, қазіргі кезде оқыту теориясы мен практикасында сабаққа дамып отыратын жүйе ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан. Сабақ – сыртқы ортамен ақпараттық және басқа да арналар арқылы байланысатын жүйе. Осы сыртқы байланыстар мен ішкі қайшылықтар ықпалы арқылы сабақтары дамып, жетіліп отыр. Сабақ – өзара тығыз байланысқан, өзара әрекеттесетін бөліктерден тұратын бүтін жүйе.

    Сабақ оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы бола отырып, жекелеген бөліктерден – кезеңдерден тұрады. Сабақтың жүйе құраушы элементі мақсаттар болып табылады. Мақсаттар барлық білім беру міндеттерін, сол арқылы сабақтың негізгі кезеңдерін бүтін бір дүниеге – сабаққа біріктіреді.

    Сабақ білім берудің нақты мақсаттарын жүзеге асыру формасы болып табылады. Ол әрдайым уақытпен шектеулі. Бұл жерде мақсат деп оқытудың жоспарланған нәтижелерін түсіну керек.

Сонымен, сабақ мақсаттары екі түрде беріледі:

- Мұғалім іс-әрекетінің мақсаттары.

- Оқушылар іс-әрекетінің мақсаттары.

     Білім беру барысында мақсаттардың екі түрін бөліп көрсетеді: біріншісі – бала тұлғасын дамытуға бағытталған, екіншісі – пән мазмұнын игертуге бағытталған. Пән мазмұнын игертуге бағытталған мақсаттардың бала тұлғасын дамытуға бағытталған мақсаттарды жүзеге асыру құралы екенін ескеру керек екенін жас мамандар жақсы түсінген .

      Орыс тілі пәнінің мұғалі Байбукашева Қарашаш 4а, 3б, 5а, 6ә, 6б сыныптарына орыс тілі және орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Байбукашева Карашаш 6ә сыныбына сынып жетекші. Серғазынова Айгерім 8б сынып оқушысы Мырзабек Ерасыл үйден оқитын оқушыға сабақ береді. Жас мамандардың күнтізбелік жоспарлары жасалып бекітілген, күнделікті сабақ  жоспарлары бар. Сабақта әр-түрлі платформаларды қолданып үйренген. Қарашаш тәлімгер бекітіліп  Мерейбаева Алма Орысбаевнамен бағыт бағдар беруде. Серғазынова Айгеріммен Тұрусбекова Айнұр іс тәжірибесімен бөлісіп отыр.

Ұсыныс: жас мамандар тәжірибелі ұстаздар сабақтарына көбірек қатыссын және білім беру платформаларын тереңірек меңгерсе.