Әбіш Кекілбаев оқуларында "Бір шоқ жиде" шығармасында ұлттық салт- дәстүр зерттеу жобасы номинациясы бойынша Жарасханқызы Ақнұр ІІІ жүлделі орынды иеленді. Жетекшісі - Бекетова Ляззат Жумановна
"ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ" қазақ тілі пәнінен өткен аудандық олимпиадада 7 сынып оқушылары Жүсіп Қарлығаш "Жас қаламгер" номинациясы бойынша, Мусатаева Нұрай "Білгірлер бәйгесі" номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді
“Жас полиция көмекшілері” байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және құқықтық сана-сезімін арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы идеологияны және басқа теріс пиғылды көзқарастардың қалыптасуын алдын алу мақсатында аудандық теолог инспектор С.Танысбаев кездесу өткізді.