Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жетісу облысына жасаған жұмыс сапарында » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жетісу облысына жасаған жұмыс сапарында
19
май
2023

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жетісу облысына жасаған жұмыс сапарында


Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Жетісу облысына жасаған жұмыс сапарында шалғай елді мекендердегі бірқатар білім беру ұйымдарын аралады. Алакөл ауданы,Үшарал қаласындағы С.Иманасов мектеп ғимаратында педагогикалық ұжыммен кездесу өткізіп министр мектептерді дамыту бойынша жасалып жатқан іс-шараларға тоқталып өтті.
❕Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын «Білімді ұрпақ – білімді ел» атты оқу конференциясы өтіп, онда «Қазақстан халқына» қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы бойынша еліміздің 17 аймағындағы 63 ауылдық тірек мектептің материалдық-техникалық базасын дамыту және жабдықтау жобалары ұсынылған болатын. Барлығы 27 моноқала мен 164 аудандағы 191 мектепті қамту жоспарланып отыр. Бұл мақсаттарға 15 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталады.
Сондай-ақ министр Алакөл ауданының педагогтерімен кездесуде болашақта ауыл мектептері қазақстандық білім беруді дамытудың драйверіне айналуы керектігіне баса назар аударды. 
Ауыл мектептерін дамытудың жаңа бағдарламасы осы бағыттағы маңызды қадамға айналады. Министрлік ауыл оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасын өткізу жоспарын әзірлеуде. 
  Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтергп білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша нақты шешімдер туралы айтты. 
  Республика бойынша барлық орта мектепте бастауыш сынып оқушыларының алдағы жылы толық ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіндігі туралы айтты. Ауданның ұстаздары өздерін толғандырған, педагогтерді ойларында жүрген бірнеше сұрақтарын қойып,алғыстарын білдірді.