Мамырбекова Кульшат Даулетқызы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мамырбекова Кульшат Даулетқызы
10
июнь
2021

Мамырбекова Кульшат Даулетқызы


       2017 жылғы тамыз айынан бастап Абай атындағы қазақ орта мектебінде еңбек етіп келеді. Бастапқы еңбек жолын мектептің іс жүргізуші қызыметімен бастап, 2018 жылдың сәуір айынан мектептегі педагог-ұйымдастырушы қызыметімен жалғастырды. Қазіргі таңда өз мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімі қызыметін атқарады. Ұстаз жаңа оқыту техналогиясының түрлі әдіс тәсілдерін тиімді қолданып,оқушылардың логикасын дамыту,ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында тынбай еңбектеніп,ізденіс үстінде жүреді.Өз мамандығын жақсы көріп,білімге деген құштарлықпен алға қарай талпынуда.Өз бетінше түрлі олимпиадаларға,курстарға қатысып өзінің білім қорын толықтыра түсуде. Ұстаз шәкірттері онлайн форматта өткен «Qaztest.kz» сайтындағы «Қазақстан үміті» математика,қазақ тілі пәндерінен өткен олимпиадасында жүлделі І,ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.Сондай-ақ биылғы оқу жылында да шәкірттері қашықтықтан ұйымдастырылған байқауларға,олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға қол жеткізуде атап айтсақ «Болашақ жұлдыз» байқауына қатысып бас жүлде,І орын жеңімпаздары атанса,білім көкжиегі бойынша «edulife .kz» сайтында «математика» пәнінен, «ubtest.kz» сайтында «жас математик», «сауат ашу» «tutorUp» сайтында «ұшқыр ой» олимпиадаларына қатысып жоғары нәтижеге қол жеткізуде. Ұстаз өзінің шәкірттерін мектепшілік іс-шараларғада баулып жақсы жетістіктерге қол жеткізііп отыр.

  Өзінің ұстаздық етіп бастаған ендігі   еңбек жолында өзінің шығармашылық ізденістері бойынша «Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы»Республикалық ғылыми -әдістемелік журналында «Шығармашылыққа қабілетті дамыту- сапалы білім бастауы» (№6-2020ж) мақаласымен ой бөлісті. 

Біліктілігін арттыру туралы мәліметтер:

24.01.2020ж «Өрлеу» «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» қысқа мерзімді курс 80 сағаттық. Тіркеу номері: №0296781

20.09.2020ж «Өрлеу» «Жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша»  курс 120 сағаттық. Тіркеу номері: №053914

12.09.2020ж «Өрлеу» «Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында бастауыш сыныптың негізгі пәндері бойынша қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау» семинар 8 сағаттық. Тіркеу номері: №087254

02.10.2020ж «Даму» «Сандық білім беру мен қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы заманауи коммуникациялық техналогиялар мен құралдар»  курс 72 сағаттық. Тіркеу номері: №0333

  Мамырбекова Кульшат Даулетқызының шәкірт дайындаудағы,білімін жетілдірудегі  еңбектері төмендегідей марпатталады:

2020 жылы еліміздегі қиын кездегі пандемиялық жағдайда қашықтықтан бейне сабақ әзірлеуде  өз іс- тәжірибесімен бөліскендігі үшін «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің директоры А.Қабдұлованың «Алғыс хат» 

2020 жылы қашықтықтан ұйымдастырылған «Qaztest.kz» сайтында І Республикалық бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік олимпиадасында «Қазақ тілі» пәні бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды

2020 жылы қашықтықтан ұйымдастырылған «Bilim Edu» сайтында  білімін және біліктілігін арттыру мақсатында ІІІ   Республикалық «Қазақ тілі» пәнінен І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2020 жылы қашықтықтан «BILGEN» академиясы ұйымдастырған педагогтардың біліктілігін арттыру тестінен сүрінбей өтіп Республикалық «Білікті педагог» олимпиадасының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

2020 жылы Тәуелсіздік күніне орай Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы М.Төлеужановтың « Мақтау қағазы» марапатына ие болды.

2021 жылы Республикалық «Болашақ Жұлдыз» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауға өнерлі шәкірттер дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.