Оқушылардың ғылыми жоба байқауына қатысуы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқушылардың ғылыми жоба байқауына қатысуы
06
декабрь
2022

Оқушылардың ғылыми жоба байқауына қатысуы

Анықтама

Тексеру мерзімі: 06.12 - 09.12.2022жыл

Тексеру тақырыбы: Оқушылардың ғылыми жоба байқауына қатысуы 

Тексеру мақсаты: Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесін бақылау

Тексеруге жауапты: Директордың  ғылыми -әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – М.М. Скакова Мектепішілік № 572-1-Ө  Бұйрығының негізінде желтоқсан айының 06.12-09.12.2022 ж.аралығында дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін бақылау мақсатында тақырыптық бақылау жүргізілді. 

Оқу жылының басында дарынды оқушылармен жоспары жасалып бекітілген.Дарынды оқушылармен мектеп психологтары жұмыс жоспарын құрып жұмыс істеуде.

 Осы жұмыс жүйесінің арқасында оқушылар арасында зерттеу іс-әрекетіне қызығушылықтың артып келе жатқаны байқалады. Бұған оқушылардың ғылыми қоғамы әсер етті.

Мектептік ғылыми қоғамның мақсаты оқушылардың қызығушылығымен сай келді. Бұл:

- оқушылар тарапынан шығармашылық есептерді стандартты емес, өзіндік амалмен шешуді анықтау;

- оқушыларды зерттеу іс-әрекетіне жұмылдыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- шығармашылық ізденісі және зерттеу жұмыстарын орындау үрдісі кезінде оқушылардың аналитикалық және сын тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру;

- кәсіптік бағдарлауда көмек көрсету;

- оқушылардың іс-әрекет барысында мақсат қоя білуді және жүйелікті дамыту;

- қойылған мақсатқа жету арқылы және қол жеткен нәтижелердің басылуына орай оқушылардың өз орындарын таба білуі.

 Оқушылардың зерттеу іс-әрекетін жетілдіру мен дамыту; оқу-тәрбие үрдісіндегі зерттеу жұмыстарының нәтижесін пайдалану бойынша мектептегі пәндік әдістемелік бірлестігі мен ғылыми-әдістемелік кеңестің ұсыныстарын талқылап ұйымдастырады;

Пәндік әдістемелік бірлестіктер өз отырыстарында оқушылардың зерттеу жұмыстарының орындаушылары мен жетекшілерін тағайындайды, олардың тақырыптарын бекітеді. Оқушылардың ғылыми жұмыстарының жетекшілігін мектептің аса білікті ұстаздары жүзеге асырады, сонымен бірге оқушылардың зерттеу жұмыстарының жетекшілігіне сырттан келген мамандар мен ғылыми қызметкерлер жұмылдырылады. Оқушының зерттеу жұмысының жетекшілік міндетіне келесі жатады: қарастырылып жатқан мәселенің кез келген сұрағының меңгерілу деңгейін сараптау негізінде зерттелетін жұмыстың болжам тақырыптарының тізімін құрастыру; зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауда оқушыларға көмек көрсету; зерттеу жұмысының жұмыс бағдарламасын құрастыру; ағымдық жетекшілік, әдістемелік, ұйымдастырушылық-техникалық көмек; оқушыларға үнемі кеңес беру; зерттеужұмысының негізгі кезеңдерінің орындалуын бақылау; көрнекілік әдістемені құрғанда, оқушының зерттеу жұмысы туралы есеп беруді құрастыруда әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық көмек; оқу –тәрбие үрдісінде оқушының зерттеу жұмысының нәтижесін қолдану бойынша нұсқалықтарды әзірлеу; шығармашылық жұмыстар сайысына, олимпиадаларға және ғылыми конференцияларға қатысудағы дайындыққа зерттеу жұмысының орындаушыларына көмек көрсету; келешекте зерттеу жұмысының нәтижесін жариялауға көмек көрсету.         

Оқушылардың зерттеу жұмысы кезеңмен ұйымдастырылады. Келесі іс-әрекеттің кезеңдерін аранайы белгілеу:

I-даярлық (3-7- сыныптар);

II-дамытушылық (8-9- сыныптар);

III-өзіндік зерттеушілік (10-11- сыныптар).

Бірінші, даярлық кезеңі балаларды оқулықтармен және сөздіктермен жұмыс жасауды, жылдам оқуды, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруды үйретуін қалыптастыруды көздейді. Осы кезеңде оқушы тарапынан оқу іс-әрекетіне белсене қатысуы басталады, сонымен қатар шығармашылық қабілеті бар оқушылар анықталып және туған өлкені қызыға танушылық әрекеті қалыптасады.

Екінші, дамытушылық кезең оқушылардың ғылыми жұмысты ұйымдастыру қабілетінің жетілуін қарастырады, олардың көзқарасын белсенді кеңейтуге бағытталған. Осы кезеңдегі қызығушылықтың артуын мектептегі сыныптан тыс бірлестіктердің дамуы маңызды рөл атқарады. Балалардың зерттеушілік қабілетінің қалыптасуына арнайы курстар әсерін тигізеді.  

8-9 сыныптың оқушылары қалаулары бойынша оқушылардың ғылыми қоғамына кіреді, онда олар жоғары буын оқушыларымен ғылыми-зерттеу іс-әрекет түсінуге тырысады.Биылғы 2022-2023 оқу жылында Аудандық  Әбіш оқуына Әскербекова Еркежан қатысып ІІІ орын иеленді.

Үшінші, өзіндік зерттеу кезеңі оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің тікелей кезеңі болып табылады, оның барысында жалпы мекетптік тақырыптар қалай әзірленсе дәл солай балалардың жеке жобалары да әзірленеді. Оқушылардың зерттеу іс-әрекеті мектепте үнемі болашағы бар болуы үшін осы жұмыстың сабақтастығы қамтылуы қажет. Осы мақсатпен жоғары сыныптың оқушылары кіші буын, орта буын оқушылары арасында тілдесулер, сынып сағаттар, әлеуметтік зерттеулер жүргізуде.



Ұсыныс: алдағы уақыттарда да дарынды оқушылармен жұмыс жлспар бойынша жүргізілсін. Дарынды оқушылар аудандық облыстық, республикалық жарыстарға қатысу үшін дайындық жұмыстары күшейтілсін.