Пән бірлестіктерінің жұмысы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2022

Пән бірлестіктерінің жұмысы

Анықтама

Тексеру мерзімі: 18.11-19.11.2022ж

Тексеру тақырыбы: Пән бірлестіктерінің жұмысы туралы

Тексеруге жауапты: Директордың ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – Скакова М.М

2022 жылдың 18-19 қараша аралығында пән бірлестіктерінің жұмысын тексеру мақсатында тақырыптық бақылау жүргізілді. 

Мектептегі пән бірлестіктерінің жұмысын тексеру мақсатында, тексеріс жүргізетін жұмыс тобы құрылды.  

Жұмыс тобының мүшелері: 

Кусайнова К.Т..- комиссия төрайымы 

 Комиссия мүшелері:

Скакова М.М - ДҒӘІЖО        

Манкаева Р.Д – ДОІЖО

Бірлестік жетекшілері:

1.Бекетова Ляззат Жумановна

2.Кыдырханова Сымбат Кыдырханкызы

3.Мамырбекова Кульшат Даулетовна

4.Скакова Маншук Муратқызы

5.Асқарұлы Мерей

2022 жылдың 18-19 қараша аралығында пән бірлестіктерінің жұмысына тексеру жүргізілді. 5 пән бірлестіктегінен тұрады, әр бірлестікке апталық өткізу уақыты белгіленіп берілген. 

1.Қазақ тілі пәндер бірлестігі - қазан айында

2.Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі- желтоқсан айында

3.Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі – ақпан 

4.Жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігі -сәір

5.Эстетикалық пәндер бірлестігі – наурыз 

Әр бірлестікте тәдістемелік тақырып негізінде жұмыс жүргізілуде.

Қоғамдық  пәндер бірлестігінің әдістемелік  тақырыбы:

«Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып,ойы ұшқыр,полиглот,мәдениетті  және шығармашылық   деңгейі жоғары құзіретті тұлғаны қалыптастыру»

Бастауыш  сынып    бірлестігінің әдістемелік тақырыбы:

«Оқытудың білім беру технологиялары негізінде жаңа формацияның мұғалімін қалыптастыра отырып,құзіретті,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту»

Қазақ  тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің әдістемелік тақырыбы:

«Оқытуда инновациялық  технологияның әдістерін енгізу арқылы оқушылардың функционалдық қызметін дамыта отырып,интеллектуалдық  деңгейі жоғары тұлға қалыптастыру»

Математика және жаратылыстану пәндер бірлестігінің әдістемелік тақырыбы:

«Білім беру үрдісін ақпараттандыру арқылы жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру,шығармашылық ізденістерін жетілдіру»

Эстетикалық  пәндер бірлестігі:

«Эстетикалық пәндерді оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі тиімді  әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы шығармашылыққа  бейім жеке тұлға қалыптастыру»

Пән бірлестіктерінің негізгі міндеттері мен бағыттары дұрыс құрылған, әдістемелік бірлестікті тәжірибелі мұғалімдердің ішінен бірлестік мүшелерімен келісе отырып, мектеп директоры тағайындаған адам басқарып отыр. Әдістемелік бірлестік жұмысы бірлестік жетекшісі мектептің жылдық жоспарына сәйкес жасаған, жоспарға сай жүргізіліп отыр. Жоспар әдістемелік жұмыстар меңгерушісімен келісіліп, мектеп директорымен бекітілген..

Әдістемелік бірлестік отырыстары тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі. Өтетін орны мен уақыты мектеп әкімшілігіне алдын ала хабарланып отыр. Қаралған әр мәселе бойынша жазбаша нұсқаулар жасалып, орындалу барысы қадағалануда.

  1. Бірлестік мүшелерінің қызметтік міндеттері.
  2. Өткен оқу жылына жан-жақты талдау.
  3. Жаңа оқу жылы тақырыбы, мақсаты, басым бағыттары, оқу жылының жұмыс жоспары жасалған.
  4. Әр айға арналған бірлестік жұмысының жоспар-кестесі бар.
  5. Мұғалімдер туралы мәліметтер жиналған.
  6. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеруі туралы мәліметтері бар.
  7. Іс-шаралар өткізудің кестесі жасалған.



Ұсыныс:

 Бірлестік жетекшілері пән апталықтарын өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені таратуға бағыт-бағдар берсін және .

пән апталықтарының уақытылы өткізілуін қадағаласын.