«Ел ертеңі- болашақ жас ұландар» тақырыбында қашықтықтан ерлік сабағы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ел ертеңі- болашақ жас ұландар» тақырыбында қашықтықтан ерлік сабағы
10
июнь
2021

«Ел ертеңі- болашақ жас ұландар» тақырыбында қашықтықтан ерлік сабағы









«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының жұмыс жоспары негізінде 5-8 сынып оқушыларына «Ел ертеңі- болашақ жас ұландар» тақырыбында қашықтықтан  ерлік сабағы өткізілді.

 Мақсаты: 

Оқушыларды Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

       Вебинарда педегог-ұйымдастырушы А.Рақышева «Ел ертеңі- болашақ жас ұландар» тақырыбында слайд көсетіп,жас ұландарды 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтап, Туған жер деген киелі ұғымды құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпауға шақырды. Оқушылар Отан, ерлік туралы мақал-мәтелдер және өлеңдер айтып, өз ойларын ашық жеткізді. Оқушыларға Отанымызды, елімізді, жерімізді, заңымызды, рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайту туралы түсініктеме беріп, оқушылармен сауалнама жүргізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыларды мерекемен құттықтады. Мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ж. Көкебаев оқушыларға ерлік, патриоттық тәрбие жөнінде түсініктеме беріп, жас ұландарды мерекемен құттықтады. Отанымызға адал қызмет ететін, елімізді қорғайтын батыл да батыр азамат болып өсуге бағыт бағдар берді. «Ел ертеңі- болашақ жас ұландар» тақырыбында ұйымдастырылған ерлік сабағы өз дәрежесінде өтті.