«Бақытты бала- бақытты ел» атты мерекелік іс-шара » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Бақытты бала- бақытты ел» атты мерекелік іс-шара
07
июнь
2021

«Бақытты бала- бақытты ел» атты мерекелік іс-шара

Аудандық білім бөлімінің бұйрығы негізінде Абай атындағы қазақ орта мектебінде 1 маусым балаларды қорғау күнін өткізу туралы 24.05.2021жылы №162-Ө бұйрығы  шығарылып, іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Мақсаты:«Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын-сауықта  өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

2021 жылдың 1 маусым күні сағат 9.00-да «Бақытты бала-бақытты ел» атты мерекелік іс-шара өтті. Оқушылардың денсаулығын мектеп медбикесі Э. Манкебаева үнемі бақылап отырды. Санитарлық талаптар сақталды. Мерекеге арналған алғашқы құттықтау сөз бастауыш сынып мұғалімі А.З.Қанағатоваға берілді. Балаларды мерекелерімен құттықтап, мерекелік лебізін білдірді. Мектеп психологы Какимжанова Айжан балаларға  «Суретті аяқтау» жаттығуын ойнатты. Мақсаты: баланың байқампаздығын анықтау, дамыту. Сонымен қатар оқушылар флешмоб биін биледі. Балалар асфальтта суреттер салып, ойындар ойнады. Онлайн форматта көп балалы отбасылар «Бала бақыт, көп бала-одан да көп бақыт» бақытты көп балалы отбасылар туралы бейнероликтер дайындады. «Балалар не туралы армандайды» әр бала өзінің арманы туралы видео, презентация жасады. Жаз мезгіліндегі бала қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, жолдағы тәртіп ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өткізілген іс-шараға белсенді қатысқан оқушылар марапатталды. «Бақытты бала-бақытты ел» атты мерекелік іс-шара өз дәрежесінде өтті.