«Тәуелсіздік ұландары» іс-шарасы 11 сыныптың түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты жиын » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тәуелсіздік ұландары» іс-шарасы 11 сыныптың түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты жиын
15
июнь
2021

«Тәуелсіздік ұландары» іс-шарасы 11 сыныптың түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты жиын





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 08.06.2021 жылғы 08 маусымдағы №5-18-4/2177-И хатына сәйкес «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 09.06.2021 жылғы №259-Ө шығыс бұйрығы негізінде Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде № 185-Ө бұйрығы шығарылып, 2021 жылдың 14 маусымда   Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» іс-шарасы 11 сыныптың түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын өткізу кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелері қатаң сақталып, барлық өрт қаупі бар құрал- саймандар тексеріліп отырды. Оқушылардың денсаулығын мектеп медбикесі Э.Манкебаева үнемі бақылап отырды. Санитарлық талаптар сақталды. Салтанатты жиын бекітілген сценарий бойынша өтті. Мерекеге арналған алғашқы құттықтау сөз мектеп директорын Г.Т.Хасеноваға берілді. Мектеп бітіуші түлектерге 11 жылдық аттестат тапсырып, мектеп түлектеріне ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетулеріне тілектестігін білдірді. Биылғы оқу жылында мектепті 23 түлек аяқтады, 7  үздік аттестат иегері. Мереке күндері оқушыларға көкке шығуға, табиғи қауіпті жерлерге және қаладағы түнгі ойын-сауық орындарына баруына қатаң тиым салынатынын және аудандық білім бөлімі, КЖТІЖБ инспекциясымен бірлескен кезекшілік ұйымдастырылатыны туралы хабарланды.