«Сәт сапар, жас түлек» атты салтанатты жиын » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сәт сапар, жас түлек» атты салтанатты жиын
07
июнь
2021

«Сәт сапар, жас түлек» атты салтанатты жиын

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 25 сәуірдегі №5-18-4/1820- И хатына сәйкес, аудандық білім бөлімінің 17.05.2021 жылғы №218-ө бұйрығы негізінде Абай атындағы қазақ орта мектебінде 20.05.2021жыл №152 бұйрығы  шығарылып, іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. 2021 жылдың 25 мамыр күні сағат 9.00-да «Сәт сапар, жас түлек» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын өткізу кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелері қатаң сақталып, барлық өрт қаупі бар құрал-саймандар тексеріліп отырды. Оқушылардың денсаулығын мектеп медбикесі Э.Манкебаева үнемі бақылап отырды. Санитарлық талаптар сақталды. Салтанатты жиын бекітілген сценарий бойынша өтті. Мерекеге арналған алғашқы құттықтау сөз мектеп директорын Г.Т.Хасеноваға берілді. Оқушылар мен ұстаздарды  оқу жылының аяқталуымен  құттықтап, мектеп түлектеріне ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетулеріне тілектестігін білдірді. Салтанатты жиынның құрметті қонағы Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Садирбекова Айнагуль Тұрсынбайқызы қатысып, мектеп түлектеріне ыстық ықыластарын білдіріп, мектеп ұстаздарына шығармашылық табыс тіледі. Мектебіміздің озат оқушылары мақтау қағазымен марапатталды. Соңғы қоңырауды соғу құрметі 11«А» сыныптың үлгілі оқушысы Нұрболұлы Бекасылға  және 11 «Б» сыныптың үздік оқушысы Оразбекова Ақботаға берілді. Биылғы оқу жылында мектепті 352 оқушы аяқтады. Мереке күндері оқушыларға көкке шығуға, табиғи қауіпті жерлерге және қаладағы түнгі ойын-сауық орындарына баруына қатаң тиым салынатынын және аудандық білім бөлімі, КЖТІЖБ инспекциясымен бірлескен кезекшілік ұйымдастырылатыны туралы хабарланды.