"Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің, берген сыйы" тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің, берген сыйы" тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды
04
июнь
2021

"Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің, берген сыйы" тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды

Тәуелсіздік сол бір желтоқсанның жүрекке өшпес сызат салған күндері, бейбіт күнде алаңсыз шыққан қолдарында еш қаруы жоқ тек Қазақстанды басқа ұлт өкілдеріне басқартпаймыз деп әділдік іздеген өрімдей жастарымызды аяусыз тағдыр тауқыметіне салып, қолдан жала жауып,өмірлерін қиған сол кездің "Метел операциясы" әр адамның жанында өшпестей жара салғанды. Осы Тәуелсіздіктің жолында құрбан болған аға-апаларымыздың ерен еңбегі ұрпақ жадынан ұмытыла қоймасы анық. Еркіндігімізді, азаттығымызды көкірек керек отырып құттықтап отырсақ та сол кездегі желтоқсанның ызғарлы желі қарып өткен аязы әлі күнге дейін тоңдырары анық. Сондықтан талай боздақтардың өмірін қиып келген Тәуелсіздігіміздің туын құлатпай, еркін, мәңгілік ел болып қалайық.
 Айтайын құлағың сал, тыңда қазақ!
 Жетпейме болғанымыз елге мазақ.
 Кеудеңде жалындаған жаның болса,
 Оянып,сілкіндағы, ұмтыл қазақ!!!

 Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
 Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
 
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
 Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.
 Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
 Тәуелсіздік келешектің кепілі.
 Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
 Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.
 Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
 Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
 Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
 Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!