Амал мерекесі
Бүгін - Көрісу күні. 14 Наурызда елімізде Көрісу мерекесі аталып өтіп жатыр. Бұл күнді Амал мереке деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алып,төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.Осындай мақсатпен мектебімізге №2 орта мектебінің ұстаздары келіп, Көрісу мерекесіне арнаған тілектерімен жылы лебіздерін білдіріп кетті. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен әрленді.