Кобегенова Айгерим Токенкажиновна » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кобегенова Айгерим Токенкажиновна
10
июнь
2021

Кобегенова Айгерим Токенкажиновна


     22.05.1986 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003-2007 ж Қазақ Мемлекеттік Қыздар Пед Университетінің түлегі. 2010 жылдан бастап «Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ-де мектеп психологі қызметін атқарып келеді. Мамандығы – педагог-психолог. Санаты – педагог-сарапшы. Еңбек өтілі – 11 жыл


      Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын дамыта отырып тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесінің бірі деуге болады. Ұлттың болашағы  - ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі ұстаздың қолында. Ал ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды , жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеу. Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек деген белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің пікірі педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. Психологиялық қызметтің жұмысының тиімділігі – балалар мен жасөспірімдердің  психикалық және психологиялық тұрғыда толыққанды жеке адам болып қалыптасуына, олардың қабілеттік деңгейлерін, бейімділігін, шығармашылығын, таным үрдістерінің даму деңгейін, жас ерекшелігіне байланысты даму кезеңдеріндегі кездесетін қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік беріп, қоршаған ортадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға бағыттау. 

      Мектебіміздің психологі Айгерім Төкенқажықызы осы мақсат міндеттерді басшылыққа ала отырып мектеп оқушыларымен 5 бағыт бойынша (психопрофилактика, психодиагностика, психокоррекция, кеңес беру, ағартушылық) жұмыстар жүргізуде. 11сынып оқушыларын емтихан тапсыруға психологиялық даярлау, 9-10сынып оқушыларын мамандыққа бағыттау, 5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін психологиялық тұрғыда қолдау, өзіне-өзі қол салудың алдын алу, көмек қажет ететін оқушыларға жекелей кеңес беру, т.б. жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқыту технологияларының әдіс-тәсілдерін меңгеріп, психологиялық қызметінде пайдаланып келеді. Мектептің әлеуметтік іс-шараларына, оқу-тәрбие жұмыстарына белсене араласып, өз тарапынан психологиялық тұрғыдағы көмектерін көрсетіп отырады. 


Аудандық семинарларда өз білімімен бөлісу

-2015-2016 оқу жылында АББ ұйымдастырған «Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастырудағы жаңашылдық» атты семинарында өз тәжірибесімен бөлісті

-2016-2017 оқу жылында Алакөл аудандық әдістемелік кабинет ұйымдастыруымен өткізілген «Қорытынды атестаттауға дайындаудағы  психологиялық көмек көрсетудің инновациялық тәсілдері» тақырыбындағы дөңгелек үстелде коучинг өткізді.

-2019-2020 оқу жылының тамыз конференциясында «Жас мамандарды психологиялық қолдау» тақырыбында тренинг жүргізіп, тәжірибесімен бөлісті.

-2020-2021 оқу жылында аудандық семинарда «Баланы өз-өзіне қол салудан алып шығудың әдіс тәсілдері» тақырыбында сөз сөйлеп, өз пікірін ортаға салды.


Баспа беттеріне жарияланған материалдар:

2016 жыл – «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық бірлестігінің «Ғылым және қоғам» ғылыми-танымдық конференция материалдарында «Оқушылардың өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастыру – білім сапасын арттырудың бір жолы» атты мақаласы;

2016 жыл – Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығының «Педагогикалық инновациялық білім сапасын қамтамасыз етудің шарттары» атты Республикалық ғылыми-практикалық жинағында «Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау үрдісіне мектеп психологінің әсері» атты мақаласы;

2017 жыл –  Сындарлы оқыту – оқу үрдісінің тиімділігін айқындайтын негізгі фактор жинағында «Өз өмірің – өз қолыңда» мақаласы

2020 жыл – Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялар» атты Республикалық ғылыми-практикалық материалдар жинағында «Жеке тұлғаның нәтижелі дамуына кәсіптік таңдауына жүргізілетін мектеп психологінің жұмыстары»  тақырыбында мақала;

2020 жыл –  «Мектептегі психология» журналында (№4, 2020) «Психологтың агрессивті оқушылармен жүргізетін жұмысы жайлы» атты мақалалары жария көрді.


Мектеп қабырғасында қызмет жасап, қызметі және еңбегі үшін марапаттары мен алғыс хаттары төмендегідей:

-   Марапат. «Тәлімалушы – 2015» мектепішілік байқауында ІІІ орын алғаны үшін (2015)

-   І-дәрежелі диплом. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі, ҚР тәуелсіздігінің 25жылдығы, Алматы қ 1000 жылдығы қарсаңында «Ғылым және Қоғам» айдарында «Қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру» атты мұғалімдердің халықаралық ғылыми-практикалық конферекциясында жасаған жоғары дәрежелі, құнды баяндамасы үшін марапат (2016)

-   Алғыс хат. «Білім және жаңа иннов техн орт.» «Мектепте психологиялық жұмысты ұйымдастырудың ғылыми-тәжірибелік негіздері» тақырыбында өткен курста көрсеткен белсенділігі үшін (2016)

-   Мадақтама. ҚР Білім және Ғылым минист. «Педагогикалық инновация – білім сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты респ ғылыми-практикалық конференция жұмысына белсене қатысқаны үшін (2016)

-   Мадақтама. Аудандық «Ең үздік жыл психологі -2017» байқауында Психолог зерттеуші номинациясы бойынша марапатталды.

-   Алғыс хат. Қазақ Психологиялық қоғамы. «Рухани жаңғыру» бағд аясында ұлттық сана туралы негізгі басымдылықты іске асыру мақсатында мектептегі психологиялық қызметтің дамуына үлесін қосқаны үшін марапатталды (2019)

-   Құрмет грамотасы. Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы. «Білім жүйесінде тынбай еңбек етіп жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбие беру ісіндегі жеткен жетістіктері мен белсенді қызметі үшін марапатталды. (2019)

-   І-дәрежелі диплом. «Международная академия наук педагогов и интеллектуальных детей», ІІІ халықаралық конкурс «Үздік психолог- 2020»


«Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.


Біліктілігін арттыру курстары туралы мәліметтер:

-  2014 жыл –  «Өрлеу» БАҰО «Психологическое сопровождение учебно-воспитательного процесса в общеобр школе в условиях обновления содержания обрахования – 72 сағат

-  2016 жыл – «Білім және жаңа иннов технологиялар орталығынан» «Мектепте психологиялық жұмысты ұйымдастырудың ғылыми-тәжірибелік негіздері» тақырыбы (72 сағат)

-  2019 жыл – Республикалық «Даму» пед-психологиялық орталығынан «Орта және мектепке дейінігі білім беру мекемелері пед-психологтарының коррекциялық-дамыту әрекетінің мазмұны және ерекшелігі» тақырыбында (72 сағат)

-  2019 жыл – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» БДДҰ Пед шеберлік орталығы әзірлеген білім беру ұйымдары психологтарының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академ сағат көлемінде курс 

-  2019 жыл – Қазақ Психологиялық Қоғамы «Ресурс» балалардың психикалық жағдайын диагностикалау жүйесі бойынша педагог-психолог мамамндардың біліктілігін жетілдіру курсы (72 сағат)