Кенжебекова Кымбат Сабыровна » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кенжебекова Кымбат Сабыровна
10
июнь
2021

Кенжебекова Кымбат Сабыровна


     2005 жылдан бастап « Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып  мұғалімі болып еңбек етіп келеді.Қазіргі күнде бастап Абай атындағы қазақ орта мектебінде 3 мәрте түлектерді ұшырды. Ұстаз жаңа оқыту технологияларының түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып,логикасын дамыту ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында тыңғылықты нәтижеге жұмыс жасайды.Өзінің жеке әдістемелік қорында көрнекіліктер,дидактикалық таратпалы материалдар,тестілік үлгілер,  оқушылардың  пайдалануына лайықталып,жүйеге келтірілген.  

Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру барысында алға қойған өзекті мәселесі « Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру"».

Мақсаты: Оқушының ізденушілік, зерттеушілік қабілетін дамыту. Оқушылармен ынтымақтаса жұмыс жүргізу. Оқушыларды саналы тәртіп пен сапалы білім алуға тәрбиелеу, бағыттау.

Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін қолдана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны қалыптастыруға көңіл қояды. Жұмыс жүйемнің негізі: ата-аналармен жұмыс, сыныптан тыс жұмыс, әдістемелік жұмыс, шығармашылық жұмыс, оқушымен жеке жұмыс, қоғамдық жұмыс.

Іс-тәжірибемде бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданамын. Атап айтқанда венн диаграммасы, түртіп алу, суретті сызбалар, дидактикалық ойындар т.б.

Оқыту барысында пайдаланып жүрген педагогикалық технологиялары: 

  • Дамыта оқыту технологиясы;
  • Ақпараттық технология;
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Жұмыс жүйесі оқу процесінде жеті модулдің элементтерін пайдалану арқылы жас ұрпаққа, мемлекеттік стандартқа сәйкес, ұсынылатын білім деңгейін меңгертуге бағытталады.    

Сабақ барысында «Ой шақыру», «Автор орындығы», «Өз бетімен жазу» «Семантикалық карта», «Бейнефильм көрсету», «Тыңдалым», «Шеңбер бойымен әңгімелесу», «Өрмекшінің торы», «Доп лақтыру», «Хат оқу», «Сандықша» оқыта үйрену әдістерін арқылы тапсырма түрлерін  қолданды.


Сабақ берген сыныптарымда әр тоқсан бойынша қорытынды қималар, тестілер алынып, сарапталып, мониторингілер шығарылды. Әр өтілген жаңа  тақырыптың соңынан міндетті түрде қайталау, пысықтау, түсініктерін жинақтау мақсатында тақырыптық тест тапсырмалары орындалып отырды. Оқушылардың сөздік қорын молайту және оқу сауаттылығын арттыру мақсатында эссе,шығарма,   мазмұндама, диктант, шығармашылық тапсырмалар алынды.

Мұғалімнің балаларға білім беру еңбегі төмендегідей марапатталған:

 2017 жыл «Фариза,Фариза жан,Фариза қыз»-Алғыс хат

 2018 жылы «Жаңартылған білім беру: теориядан тәжірбиеге тақырыбындағы аймақтық семинарға белсене қатысқаны үшін »- Құрмет   грамотасы

2018 жыл «Жаңа ғасыр таланттары ІІ республикалық байқауына білімді ұрпақ дайындағаны үшін »    –І дәрежелі диплом.

  2018 жылы «Пони» Халықаралық байқауы    -  диплом, алғыс хат .

  2018 жыл «Жаңа ғасыр таланттары» - І дәрежелі диплом.

  2019 жыл «Аналар -Асыл жандар » жасөспірімдер мен балалар шығармашылық байқауы - Алғыс хат


Біліктілігін арттыру туралы мәлімет: 

ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі ) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады «Өрлеу  БАҰО» АҚ  филиалы «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшысы және ғылыми -педогогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институты ». Берілген күні: 17.11.2014 ж   

ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады. Педагогикалық шеберлік орталығының Талдықорған қаласы . Берілген күні: 05.07.2018 ж   

Аттестатциядан өткен уақыты: 2015- 2016, 2018-2019ж 

Жас ұрпаққа сапалы білім,       саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер оданда көп. Сол жолда еселі еңбегімді адан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол. Мұғалім ретіндегі жас жеткіншектер жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке жетелеу жолындаы  жұмысыммен қоса, өз мектебімнің  тиімді дамуына әсер ететін  белсенді көшбасшылықты да абыроймен   алып жүрсем деген ұстаныммен еңбек ете бермекпін.