Бекенова Жанна Сабырғалиқызы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бекенова Жанна Сабырғалиқызы
10
июнь
2021

Бекенова Жанна Сабырғалиқызы

 1999 жылдан бастап «Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді.Қазіргі күнде бастап Абай атындағы қазақ орта мектебінде 2 мәрте түлектерді ұшырды. Ұстаз жаңа оқыту технологияларының түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып,логикасын дамыту ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында тыңғылықты нәтижеге жұмыс жасайды.Өзінің жеке әдістемелік қорында көрнекіліктер,дидактикалық таратпалы материалдар,тестілік үлгілер,аудио-визуалдық құралдар оқушылардың   пайдалануына лайықталып,жүйеге келтірілген. Мамандығын жете меңгерген,

шығармашылықпен еңбектенетін мұғалімдердің бірі ретінде танылады.

Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру барысында алға қойған өзекті мәселесі «Оқытудың тиімді технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы нәтижелі білімге қол жеткізу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру».

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін пәндік білім арқылы функционалдық сауаттылығы қалыптасқан сөйлеу мәдениеті жоғары дара тұлғаны дамыту.

Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін қолдана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны қалыптастыруға көңіл қояды. Сабақ беретін сыныптарындағы әр оқушы ұстазы үшін ізденіс үстіндегі шәкірт. Оқу іс-әрекетінің кез келген сәтінде бірнеше әдістерді үйлесімділікпен кіріктіре қолдану, бірін-бірі толықтырып, бірінен-бірі шығып отырады. Өз сабақтарындағы технологиялардың әсерін оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің дамуынан олардың өзіндік бейнесінің қалыптасуынан байқай отырып, болашақ шәкірт болмысын сараларауға ұмтылды.

Оқыту барысында пайдаланып жүрген педагогикалық технологиялары

  • Дамыта оқыту технологиясы;
  • Ақпараттық технология;
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Жұмыс жүйесі оқу процесінде жеті модулдің элементтерін пайдалану арқылы жас ұрпаққа, мемлекеттік стандартқа сәйкес, ұсынылатын білім деңгейін меңгертуге бағытталады.    

Сабақ барысында «Ой шақыру», «Автор орындығы», «Өз бетімен жазу» «Семантикалық карта», «Бейнефильм көрсету», «Тыңдалым», «Шеңбер бойымен әңгімелесу», «Өрмекшінің торы», «Доп лақтыру», «Хат оқу», «Сандықша» оқыта үйрену әдістерін арқылы тапсырма түрлерін  қолданды.

Сабақ берген сыныптарымда әр тоқсан бойынша қорытынды қималар, тестілер алынып, сарапталып, мониторингілер шығарылды. Әр өтілген жаңа  тақырыптың соңынан міндетті түрде қайталау, пысықтау, түсініктерін жинақтау мақсатында тақырыптық тест тапсырмалары орындалып отырды. Оқушылардың сөздік қорын молайту және оқу сауаттылығын арттыру мақсатында эссе,шығарма,   мазмұндама, диктант, шығармашылық тапсырмалар алынды.

  Мұғалім білімге бәсекелестік заманында функционалдық сауаттылығы дамыған интеграктивті білімді меңгерген, өмірге біртұтас көзқарас қалыптасқан маман ретінде танылуға ұмтылады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі», «Сынып жетекшісі», «Мұқағали» журналдарын, «Қазақ тілі», газеттерін пайдаланып, пәнге, тәрбиеге байланысты жаңалықтарды қадағалап отырады. Әдеттегідей мерзімді баспасөзге жазылып отырады: «Райымбек» пен «Қазақ тілі» газеттері.

Мұғалімнің балаларға білім беру еңбегі төменбегідей марапатталған:

  2018 жылы Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында зерттеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалардың мазмұндылығы-Алғыс хат


 2018 жылы «Жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беріп,жан-жақты тұлға қалыптастырған табыстары үшін»-Мадақтама грамотасы

 2019 жыл «Бақытты елдің ұрпағы», «Дала сазы»-Алғыс хат

 2019 жыл «Фариза,Фариза жан,Фариза қыз»-Алғыс хат

 2018 жыл «GIEVER» Қазақстан ұстаздары қоғамымен ұйымдастырылған –І дәрежелі диплом.

  2018 жылы «Qaztest»  І Республикалық «Үздік педагог» олимпиада - І дәрежелі диплом.

  2018 жыл «Жаңа ғасыр таланттары» - І дәрежелі диплом.

  2019 жыл «Қазіргі таңдағыбілім мен ғылымның өзекті мәселелері»-мадақтама

     Біліктілігін арттыру туралы мәлімет: 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Талдықорған қ.филиалы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында   ІІ (негізгі) деңгей бағдарламасы   бойынша 440 академиялық сағат көлемінде мұғалімдерді оқыту курсын аяқтадым.Берілген күні: 18.05.2015ж   

Аттестатциядан өткен уақыты: 2016- 2017, 2019-2020ж 

2018жылы  «ҚР-нда білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде» курс

2018 жыл «Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы критериалды бағалау»-сертификат

  2018 жыл «Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттырудың заманауи 

әдістері » -сертификат

2021 жыл «PISA» халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың фунционалдық оқу сауттылығын арттырудағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» -сетификат