Нурбекова Шолпан Сабыровна » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
июнь
2021

Нурбекова Шолпан Сабыровна


Нурбекова Шолпан Сабырқызы

  Туған күні, айы, жылы: 21.10.1967ж

   Бірінші  санатты ұстаз.

   Педагогикалық еңбек өтілі: 34 жыл

   Білімі: жоғары

   Бітірген оқу орны: Талдықорған қаласы 

   І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеті.

   Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Аттестациядан 2018 жылы өтіп, педагог-модератор санатын алған. 2018 жылы  Білім берудегі жаңа инновациялық технологиялар орталығының жинағында «Рухани жаңғыру – қазіргі білімнің дамуының табысы» ғылыми-практикалық конференцияда «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы инновациялық әдістер мен технологиялар» тақырыбында мақаласы, 2019 жылы  аудандық білім бөлімінің « Білім берудегі инновациялық үдерістер: педагогтардың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы» жинағында «Жаңартылған білім беруде оқытуды саралау» мақаласы жарияланған.

2018 жылы «Білім үрдісі тиімділігін арттыруда «Абайтану» курсын оқытудың интерактивті әдістері», 2019 жылы  Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілікті арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтаған. 2020 жылы «PISA» халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттырудағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» курсынан өтті.   Мұғалімнің келелі мәселесі:

«Оқытуда оқушылардың коммуникативті құзіретілігін қалыптастыру , функционалдық оқу сауаттылығын арттыру»

Мақсаты:

*Сабақта функционалдық сауаттылықты арттыруда  мәтінмен жұмысты жетілдіру;

*Оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде практикалық, теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттерін дамыту;

*Жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастыру;*Оқушының бейімділігіне, ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастырып, шығармашылық қабілетін дамыту;

Міндеттері:Алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлейтін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын тұлға тәрбиелеу;

*Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі арттыру;

*Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастыру;

*Сабақта оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыруда әр түрлі тапсырмалар беру;

Дарынды балалары 2018 жылы «Жаңа ғасыр таланттары» І республикалық байқауында « Көркемсөз» оқу шебері номинациясы бойынша  10- сынып оқушысы А.Өскембаева  І орын, 2019 жылы республикалық «Рухани Алатау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Арт-Талант» атты шығармашылық байқауының ІІІ дәрежелі дипломмен , аудандық Абай оқулары эссе байқауында бас жүлде , облыстық Абай оқуларына қатысып алғыс хатпен марапатталған. 10-сынып оқушысы. А.Оразбекова   республикалық «Рухани Алатау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Арт-Талант» атты шығармашылық байқауының І дәрежелі дипломмен  марапатталған. 

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп директорының тәрбие ісі 

жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. 

2017 жылы 05 мамыр Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтады.

2017 жылы 31 наурыз «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің басым бағыттары аясында тәрбие беру процесін ұйымдастырудың жаңа талаптары»  курсынан өтті. 

2020 жыл 05 шілде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген оқушылардың кәсіби бағдары бойынша мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша  курстан өтті.

2021 жылы республикалық ғылыми-әдістемелік   «Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы» журналына «Ұлттық құндылықтар- тәрбие негізі» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

Марапаттары:

2019 жыл Аудандық білім бөлімінің тәрбие саласы бойынша «Алғыс» хаты.

2019 жыл Аудандық білім бөлімі «Мадақтама»