Бекетова Ляззат Жумановна » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
июнь
2021

Бекетова Ляззат Жумановна

  1993 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абай атындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Осы жылдар аралығында бірнеше сыныпта сынып жетекші болып мектептен түлектерін ұшырды. 

     Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты, зерттеуші мұғалімі. Ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында түрлі әдіс –тәсілдерді қолданып, оқушының сөйлеу мәдениетінің дамуына, өз ойын еркін жеткізуіне бағыттап келеді. Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы,  интеллектуалдық деңгейін көтеріп отырады. Сабақ барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына бағыт-бағдар береді. Сабақ барысында түрлі көрнекіліктер, дидактикалық таратпалы материалдар, аудио-визуалдық құралдар, тестілік үлгілерді оқушылардың танымдық қабілетін арттыру үшін пайдаланып келеді. Ол – мамандығын жете меңгерген, шығармашылықпен еңбектенетін мұғалімдердің бірі. Осы уақыт аралығында көптеген оқушылары мектепті «Алтын белгі» төс белгісіне бітіріп, жоғары нәтиже 

көрсетті. 2017 жылы «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде Педагогикалық шеберлік орталығының Талдықорған қаласының филиалында оқу курсын аяқтады. 2018 жылы Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады. 2020 жылы Қашықтықтан оқытуды үйренемін 40 сағаттық онлайн курсынан өтті.


   Шығармашылықтары шыңдалған оқушылары түрлі байқауларға қатысып тамаша нәтиже көрсетуде. 2018 жылы 6-сынып оқушысы Болатхан Еркежан қазақ тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» республикалық Фариза Оңғарсыновнаның өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Жұмағалиева Гүлжан 3-орын, 11-сынып оқушылары Жапарғалиева Айдана 2-орын, Бағдатқызы Зарина 3-орын иеленді. Кио ұлттық ннтернет олимпиадасында 7-сынып оқушысы Амантаева Рауана 2-орын, 8-сынып оқушылары Жұмағалиева Гүлжан мен Әлімбекова Диана 1-орын иеленді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен республикалық «Тәуелсіз Қазақ елінің болашағын бірге қалаймыз!» атты жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен ғылыми жобалар байқауының «Қазақ тілі – ұлтымыздың жаны» номинациясына қатысқан оқушылары Бауыржанқызы Ақбота, Мырзағали Мадина, Әлімбекова Диана, Амантаева Рауана жүлделі орындарды иеленген. 

Аудандық «Зерде» ғылыми жоба жарысында оқушысы Муратова Мерей 2-орын иеленді. Республикалық Мұқағали Мақатаевтың жырлары мен өлеңдеріне жазылған әндерден ән-жыр байқауы «Көркем сөз» жанры бойынша Бағдан Аяла 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. «BILIM –ORKENIETI» Ұлттық Инновациялық Ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы – 2020» атты республикалық байқауда оқушысы Шалтаева Айдана 1-орын иеленді. «BILIM –ORKENIETI» Ұлттық Инновациялық Ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Менің сүйікті ұстазым» атты республикалық эссе байқауға қатысқан Бағдан Аяла жүлделі 2-орынды иеленді. Ұстаз өзінің іскерлігі мен тәжірибе алмасу барысында түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленген.


2017 жылы «Педагогикалық инновация – білім сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға белсене қатысқаны үшін марапатталды.

2017 жылы «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» республикалық Фариза Оңғарсыновнаның өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер байқауында жас ұрпақты өнерге баулып, салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2017 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі» пәні бойынша қашықтық олимпиадаға қатысып 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

2018 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамының ұйымдастырылған мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткішті иеленгені үшін 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2018 жылы Бұлақты орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен және www.orleu.kz. Интернет порталының ақпараттық қолдауымен өткізілген «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында рефлексияны қолдану – кәсіби шеберлікті дамытудың және білім сапасын арттырудың маңызды факторы» атты облыстық семинарға қатысып, «Аспан әлемінің құпиялары» сабағын өткізгені үшін дипломмен марапатталды.

2018 жылы «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік сайтында оқу әдістемелік материал жариялағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды

2019 жылы «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды – олимпиадалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа ғасыр таланттары – 2019»  екінші республикалық байқауына білімді, өнерлі шәкірттер дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.

2019 жылы 8 наурызда аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды. 

2019 жылы «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік сайтында оқу әдістемелік материал жариялағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды

2020 жылы Республикалық Мұқағали Мақатаевтың жырлары мен өлеңдеріне жазылған әндерден ән-жыр байқауының дипломымен марапатталды.

2020 жылы «Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми – практикалық конференцияға белсене қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды.

2020 жылы Қазақ тілі пәні бойынша Республикалық КИО интернет олимпиадаға қатысып 3-орын алғаны үшін марапатталды.

2020 жылы «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік сайтында оқу әдістемелік материал жариялағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 

2020 жылы «ККО,КZ» ВЕБ сайтымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып  1-дәрежелі дипломмен марапатталды. 

2020 жылы Nlo.kz. Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада ұйымдастыруымен  өткізілген пәндік олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны, дарынды оқушыларды ынталануына мүмкіндік тудырумен қатар шығармашылық қабілетін шыңдауға дағдыландырып, білім сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. 

2020 жылы «BILIM–ORKENIETI» Ұлттық Инновациялық Ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы – 2020» атты республикалық байқауға қатысып оқушысы Шалтаева Айдана екеуі 1- дәрежелі дипломмен марапатталды. «Сәкен Иманасов өлеңдеріндегі антоним, синоним, омоним сөздер» тақырыбына жазылған жұмысы «Жылдың 100 үздік ғылыми жобасы» байқауының алтын қорына қосылды.