Байсалова Арайлым Даулетовна » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Байсалова Арайлым Даулетовна
10
июнь
2021

Байсалова Арайлым Даулетовна

2010 жылдан бастап Абай атындағы қазақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Ұстаз жаңа оқыту технологияларының түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында сапалы, тыңғылықты нәтижеге ұмтылады. 

Арайлым Даулетовнаның баспа беттерінен жарық көрген еңбектері: 2018 жылы Республикалық ғылыми – әдістемелік «Білім көкжиегі» журналында Қожахмет Шуақұлы мақаласы, 2017 жылы «Білім берудегі инновациялық үдерістер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары ішінде «Тарихи білімді қалыптастыру бағыттары» мақаласы жарияланды.

Біліктілігін арттыру туралы мәліметтер.

2018 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Талдықорған қаласы филиалы өткізген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша, 2020 жылы НИШ орталығы ұйымдастырған Қашықтықтан оқытуды үйренемін толық курсынан өтті.

2020-2021 оқу жылындағы аудандық пән олимпиадасында 5б сынып оқушысы Қанатұлы Алишер ІІІ орын, 8б сынып оқушысы Тимурқызы Айсұлу ІІІ орынға ие болды. 

2020 жылы «Daryn online» І Республикалық пәндік олимпиадасында Мұхаметқан Шырын І орын, 2021 жылы Республикалық «Тарих Ата» олимпиадасында Айдынқызы Анель ІІ орынға ие болды. 

Мұғалімнің марапаттары:

2020 жылы ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайтында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Бекмахановтың 105 жылдығына орай мұғалімдер арасында өткізілген ІІ Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиадасында І дәрежелі Диплом.

2020 жылы «BILGEN» ұлттық авторлық методика және бағалау орталығы ұйымдастырған І Республикалық «Білікті педагог» олимпиадасында ІІІ дәрежелі Дипломға ие болса, осы жылы «Тәуелсіздік» күніне орай білім бөлімінің басшысы М. Төлеужановтың Мақтау қағазымен марапатталды.