Педагог – модераторлардың әдістемелік деңгейіндегі жұмыстары » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог – модераторлардың әдістемелік деңгейіндегі жұмыстары
24
октябрь
2022

Педагог – модераторлардың әдістемелік деңгейіндегі жұмыстары

                                         Анықтама

Тексеру мерзімі: 24-26.10.2022ж

Тексеру тақырыбы: Педагог – модераторлардың әдістемелік деңгейіндегі жұмыстары туралы

Тексеруге жауапты: Директордың ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі уорынбасары –Скакова М.М

2022 жылдың 24-26 қазан аралығында педагог – модераторлардың әдістемелік деңгейіндегі жұмыстарына тақырыптық бақылау жүргізілді. 

Мектеп мұғалімдерінің  кәсіби біліктілігі   мен шеберлігін арттыру жұмыстарын бақылау мақсатында тексеріс жүргізетін жұмыс тобы құрылды.  Жұмыс тобының мүшелері:

  1. М.М. Скакова ДҒӘІЖО-комиссия төрағасы
  2. Р.Д.Манкаева  ДОТІЖО -комиссия мүшесі 
  3. А.Г. Сазанбаева -қазақ тілі пәні мұғалімі- комиссия мүшесі
  4. А.О.Мерейбаева- орыс тілі пәні мұғалімі – комиссия мүшесі 

      Жұмыс тобы өз жұмысын мұғалімдердің құжаттарын тексеріп,курстар бойынша перспективалық жоспармен  танысудан бастады. Жаңартылған курс,БЖБ,ТЖБ курстарынан,пәндік курстардан мұғалімдердің өтуі бойынша перспективалық жоспар қыркүйек айында жасалынған. Жалпы, 2022-2023 оқу жылында мектепте барлығы 47 мұғалім жұмыс жасауда.Солардың ішінен жаңартылған  білім   беру мазмұны бойынша барлығы 36 мұғалім,БЖБ,ТЖБ курсынан 12 мұғалім,пәндік курстан 21 мұғалім өткен.Алдағы   уақытта болатын курстарға перспективалық жоспарға сәйкес мұғалімдерді жіберу көзделіп отыр.

          2022.08.25 күні өткізілген аттестаттау комиссиясының отырысында, аттестаттаудан өткізудің жаңа форматтағы қағидалары мен шарттары туралы ұстаздарға толық мағлұмат беріліп, таныстырылды. 

          2022-2023 оқу жылының басында Б.С. Чингисбаев және Б.А. Нусипова педагог-модератор санатына өтуге өтініш білдірді. Бұл ұстаздарға әр санатқа қажетті құжаттар жинап межлі балл болуы керек екені айтылды.Педагог-модератор санатына өту үшін пәнінен 80-40 балл , педагогика бойынша 9 балл жинау керек екені айтылды. Құрылған топ өтініш білдіріп отырған үстаздардың құжаттарын тексеріп, талапқа сай деп шешім қабылдады.


Ұсыныс: мұғалімдердің алдағы уақытта әртүрлі конкурстарға дайындалып, ашық сабақтар беруі жүйелі түрде жүргізілсін.