«Қазақ тілі пәнін оқытуда саралау тапсырмаларын құрастыру тиімділігі»тақырыбында семинар » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қазақ тілі пәнін оқытуда саралау тапсырмаларын құрастыру тиімділігі»тақырыбында семинар
13
февраль
2023

«Қазақ тілі пәнін оқытуда саралау тапсырмаларын құрастыру тиімділігі»тақырыбында семинар


Аудандық білім беруді дамыту оқу- әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспары негізінде «Қазақ тілі пәнін оқытуда саралау тапсырмаларын құрастыру тиімділігі»тақырыбында  семинар болып өтті.

Мақсаты: «Білім алушылардың қажеттілігіне қарай оқу мақсатын әр түрлі жолдармен меңгерту, және саралаудың тиімді тұстары мен нәтижесіне қол жеткізу.

     Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған саралау тапсырмаларын құрастыру. Өзекті дейтін себебіміз әр баланың өзіндік даму ерекшелігі бар. Сондықтан да біз қазіргі таңда барлық баланы бірдей әдіспен оқыта алмаймыз. Әр баланың ерекшелігін ескере отыра, оның қажеттілігін қанағаттандыратындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқыту қажет. Міне, осы қажеттілікті өтеуде бірге көмекке келетін бірден-бір жол осы, саралап оқыту.

  Жоғарыда аталған тақырып бойынша Абай атындағы қазақ орта мектебінің ұстаздары Манкаева Р.Д, Сазанбаева Г.А, Бекенова Ж.С, Бекетова Л.Ж, Нурбекова Ш.С  өз іс-тәжірибесімен бөлісті.Жұмыс барысында:

«Оқушылардың қажеттілігіне қарай саралау тапсырмаларын дайындау қадамдары көрсетіліп, пән мұғлімдеріне таныстырылды.

 Саралау тапсырмаларын дайындаудағы әдіс-тәсілдері мен 7,8 сыныптарда қазақ тілі сабағында қолданылған саралау тапсырмаларының үлгілері көрсетілді.

Семинарға аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып өздерін толғандырып жүрген көптеген  сұрақтарға кері байланыс алды.