Сазанбаева Гулмира Ахановна » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
июнь
2021

Сазанбаева Гулмира Ахановна

                                 

1996  жылдан бастап « Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Ұстаз жаңа оқыту технологияларының түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, оқушылардың  ойлау қабілеттерін қалыптастыру,  дамыту бағытында тыңғылықты жұмыс атқара отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мұғалімнің жеке әдістемелік қорында көрнекіліктер, дидактикалық таратпалы материалдар, оқылым, жазылым тапсырмалары, аудио-визуалдық құралдар оқушылардың  пайдалануына лайықталып, жүйеге келтірілген. Гулмира Аханқызы өз мамандығын жете меңгерген, шығармашылықпен еңбектенетін мұғалімдердің қатарында.

Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру барысында алға қойған өзекті мәселесі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту».

Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, функционалдық сауаттылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру.

Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін қолдана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны қалыптастыруға көңіл бөледі. Оқу іс-әрекетінің кез келген сәтінде бірнеше әдістерді үйлесімділікпен кіріктіре қолдану арқылы, өз сабақтарында оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал етеді.

Сабақ барысында «Ой шақыру», «Автор орындығы», «Еркін жазу» «Семантикалық карта», «Стоп кадр», «Тыңдалым», «Шеңбер бойымен әңгімелесу», «Өрмекшінің торы», «Доп лақтыру», «РАФТ» әдісі, «Сандықша», «Қабырғадағы сурет» тағы басқа әдіс-тәсілдерді түрлендіру арқылы оқушылардың білім-білік дағдыларын дамытады.  

Сабақ беретін сыныптарында әр тоқсан бойынша қорытынды тапсырмалар алынып, сарапталып, мониторинг шығарылады. Оқушылардың сөздік қорын молайту,  оқу және жазу сауаттылығын арттыру мақсатында эссе, шығарма,  ой-толғау, диктант, шығармашылық тапсырмалар алынып отырады.              Мұғалім білімге бәсекелестік заманында функционалдық сауаттылығы дамыған интерактивті білімді меңгерген, өмірге біртұтас көзқарас қалыптасқан маман ретінде танылуға ұмтылады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ана тілі», «Сынып жетекшісі», «Мұқағали», «Қазақ тілі» сияқты газет-журналдарды пайдаланып, өз білімін үнемі көтеріп отырады.

Мұғалімнің балаларға білім беру еңбегі төмендегідей марапатталған:

  1. 2018 жыл «CLEVER» Қазақстан ұстаздары қоғамымен ұйымдастырылған республикалық қашықтық олимпиадасы – І дәрежелі диплом.
  2. 2018 жыл «PISA халықаралық зерттеулер аясындағы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мәселелері» облыстық фестиваль – Құрмет грамотасы
  3. 2018 жыл «Жаңа ғасыр таланттары» І республикалық байқау -диплом.
  4. 2019 жыл «Жаңа ғасыр таланттары» ІІ республикалық байқау - диплом.
  5. 2019 жыл «Қазіргі таңдағы білім мен ғылымның өзекті мәселелері»-мадақтама
  6. 2019 жыл «Фариза, Фариза жан, Фариза қыз» - Алғыс хат
  7. 2020 жыл республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада – ІІ дәрежелі диплом
  8. 2020 жыл облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада – ІІ дәрежелі диплом
  9. 2020 жыл Qaztest олимпиада сайты. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша  - ІІ дәрежелі диплом
  10.  2020 жыл «ҚР 100 үздік дарынды оқушысы» республикалық байқау – Алғыс хат

     Біліктілігін арттыру туралы мәлімет: 

1.  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Талдықорған қ.филиалы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы»  І деңгей білім беру бағдарламасы  бойынша 344 академиялық сағат көлемінде мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.Берілген күні: 05.12.2016ж   

2. Аттестатциядан өткен уақыты: 2016- 2017, 2017-2018ж 

    3. ҚР-нда білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша  160 академиялық сағат көлемінде оқу  курсын аяқтады. Берілген күні: 25.05.2018
    4. 2018 жыл «Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы критериалды бағалау»-сертификат
    5. 2018 жыл «Жаңартылған бағдарлама ХХІ ғасырдағы жаңартылған білім мазмұнындағы жаңа білімнің жаңа мүмкіндіктері» -сертификат

6. 2018 жыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық сауаттылық курсы - сертификат 

7.  2021 жыл «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту тақырыбында  80 сағат курсын аяқтап сертификаттын алды.