Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері
11
июнь
2021

Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері








5,6,7,8 сынып оқушыларымен қашықтықтан «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында  zoom желісінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты:  оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, қауіпті жағдайлардан сақтана білуге үйрету, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру. Жеке басының қауіпсіздігін  дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу. 

Жазғы демалыс кезінде табиғат аясына демалысқа, суға шомылуға кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау керектігін, сонымен қатар жолда жүру ережесін сақтауды, тілсіз жау өрттен,  тағы да басқа жағдайлардан мұқият болулары  керектігі айтылды. Ата-анасының әрбір ескертуін ұмытпай, ереже талабын бұлжытпай орындауға шақырылды. Өз өмірлерін қауіп қатерге тікпей, тәртіп сақтауға, өмір қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамау туралы айтылды. Оқушыларға қауіпсіздік ережелері толықтай таныстырылды.