«Жыл оқушысы» байқауы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
июнь
2021

«Жыл оқушысы» байқауы











Аудандық білім бөлімінің 2020-2021 оқу жылының «Жас Ұлан» ұйымының жұмыс жоспары   негізінде «Зерде» бағыты бойынша «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 01.01.2020-31.12.2020 жыл аралығында  қашықтықтан оқушыларды ынталандыру мақсатында 1- 11 сыныптар арасында «Жыл оқушысы» байқауы өткізілді. Байқауға 1-4 сынып оқушылары арасында бір оқушы қатысты. 1 «Б» сынып оқушысы Абайхан Нұрай І дәрежелі дипломмен марапатталып «Ең кішкентай жұлдыз» атағына ие болды. 5-6 сыныптар арасында 5 «Б» сынып оқушысы Оразбек Сағадат І дәрежелі дипломмен марапатталып  «Қылқалам шебері» атағына, 5 «Б» сынып оқушысы Зәурембек Нұрсұлтан І дәрежелі дипломмен марапатталып «Жас спортшы» атағына, 5 «А» сынып оқушысы Мұхтар Айша І дәрежелі дипломмен марапатталып «Жас Жұлдыз» атағына ие болды. 7-8 сыныптар арасында 1 оқушы қатысты. 8«Б» сынып оқушысы Макетай Айым І дәрежелі дипломмен марапатталып «Жас Талант» атағына ие болды. 9- 10 сыныптар арасында 3 оқушы қатысты. 9 «А» сынып оқушысы Арынова Малика І дәрежелі дипломмен марапатталып, «Ең ақылды оқушы», Айдарқызы Айым І дәрежелі дипломмен марапатталып «Ең дарынды оқушы», 9 «Б» сынып оқушысы Мұхаметқан Шырын І дәрежелі дипломмен марапатталып, «Жас білімпаз» атағына ие болды. 11 сыныптардан 2 оқушы қатысты. 11«Б» сынып оқушысы Оразбекова Ақбота І дәрежелі дипломмен марапатталып «Жыл үздігі» атағына, 11 «А» сынып оқушысы Ахмедиярова Кәмилә «Ең парасатты оқушы атағына ие болды. «Зерде» бағыты бойынша өткізілген «Жыл оқушысы» байқауы өз  дәрежесінде өтті.