Косетова Асем Абылгазиновна » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
июнь
2021

Косетова Асем Абылгазиновна

1995 жылдан бастап Абай атындағы қазақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Қазіргі күнде 6 дүркін бастауыш сынып түлектерін ұшырды. Ұстаз жаңа оқыту технологияларының түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында тыңғылықты нәтижеге ұмтылды. Өзінің жеке әдістемелік қорында көрнекіліктер, дидактикалық таратпалы материалдар, аудио-визуалды құралдар, тестілік үлгілер оқушылардың пайдалануына лайықталып, жүйеге келтірілген. Ол-мамандығын жете меңгерген, шығармашылықпен еңбектенетін мұғалімдердің бірі ретінде танылады.Оның оқушыларының білім сапасы – жоғары.

Оқушылары  түрлі Республикалық, аудандық байқауларда түрлі жүлделі орындарды иеленуде. 

2017 жылы 2 «а» сынып оқушысы Талғат Нұрай Республикалық «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауында 3 орынды иеленді.

2017 жылы Республикалық «Аналар-асыл жандар» атты көркем сөз байқауында 2 «а» сынып оқушылары Әнуарбек Қасиет 1 орынды, Абайхан Әлібек 2 орынды, Бижарас Ақтілек 3 орынды иеленді.

2018 жылы «Жаңа ғасыр таланттары» байқауында «Жас қаламгер» номинациясы бойынша 3 «а» сынып оқушысы Тимурқызы Аяулым 1 орынмен марапатталды. 

  Республикалық «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауында жүлделі орындарға ие болды. 2019 жылы 4 «а» сынып оқушысы Бағат Нұрдос бас жүлдені иеленді. 

2019 жылы «Zhylandy open-2019» 3-4 сыныптар арасында өткен аймақтық математикалық сайыста Арыстанбек Нұрбек «Математикалық – спринтер» ойынында үздік нәтиже көрсеткені үшін марапатталды.

2019 жылы Бастауыш сыныптар арасында негізгі пәндер бойынша «Alpamys» Ұлттық интеллектуалды марафонында 4 «а» сынып оқушылары Амантай Нұртас, Арыстанбек Нұрбек, Әнуарбек Қасиет 3 орынды иеленді.

2020 жылы «Кенгуру» математикалық халықаралық зияткерлік конкурсында 1 «а» сынып оқушылары Мусатаев Ұлар, Мейрамбек Сұлтан, Жүсіп Інжу, Ертісқызы Інжу, Ахатай Еркежан 1 орынмен марапатталды.

2020 жылғы Халықаралық «Пони» байқауының жүлдегерлері: 1 «а» сынып оқушылары Мусатаев Ұлар, Бағданұлы Ханарыс, Ертайұлы Елдос, Мейрамбек Сұлтан

2020 жылы 1-4 сынып арасындағы «Kemel Academy» мектебі ұйымдастырған 1 Республикалық «Қызықты Математика және Логика» онлайн-олимпиадасының жеңімпазы: Ертісқызы Інжу

2020 жылы tio.kz Республикалық олимпиадада Мейрамбек Сұлтан 2 дәрежелі диплом, Мусатаев Ұлар 1 дәрежелі диплом, Ахатай Еркежан 1 дәрежелі диплом, Берікқан Жаннұр 2 дәрежелі диплом, Жанат Тілеужан 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2020 жылы «Сlever» Республикалық олимпиадаға қатысып Мусатаев Ұлар, Мейрамбек Султан 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2021 жылы «Kemel Academy» онлайн мектебі ұйымдастырған 4 Республикалық «Қызықты Математика және Логика» онлайн-олимпиадасының 1 дәрежелі дипломмен   Жүсіп Інжу марапатталды. 


Асем Абылғазықызы әдістемелік жұмыстарға белсене ат салысады. Мысалы, аудан, қала көлемінде семинарға қатысушы ұстаздар алдында өткізген ашық сабақтары, коучингтері, шебер сыныптары өзіндік ізденістермен құнды. Ол өзінің шығармашылық ізденістері бойынша баспа бетінде тәжірибе бөлісіп отырады. «Педагогикалық инновация білім сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында материалы жарияланды.

Біліктілігін арттыру туралы мәлеметтер:

2014 жылы «Өрлеу»БАҰО» Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтады.

2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады.

2019 жылы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсын аяқтады.

2019 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында курсын аяқтады.

Асем Абылғазықызының балаларға білім берудегі еңбегі төмендегідей марапатталған:

-2017 жылы қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды

-2017 жылы Республикалық «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауында сіңірген еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды

-2017 жылы Халықаралық «Пони» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін дипломмен марапатталды

-2017 жылы Республикалық «Аналар-асыл жандар» атты көркем сөз байқауында сіңірген еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды

-2018 жылы «Жаңа ғасыр таланттары» байқауында білімді, өнерлі шәкірт дайындағаны үшін дипломмен марапаталды

-2018 жылы «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалды-олимпиадалық, шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «проза және поэзия» жанрында 1 республикалық оқушылар арасында «Үздік шығарма-2018» номинациясы бойынша жоғарғы дәрежеде өнерлі,білімді шәкірт дайындағаны үшін дипломмен марапатталды

-2019 жылы Республикалық «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауында сіңірген еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды

-2019 жылы Республикалық «Аналар-асыл жандар» атты көркем сөз байқауында сіңірген еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды

-2019 жылы Аудандық білім бөлімінің мадақтама қағазымен марапатталды

- 2019 жылы Бастауыш сыныптар арасында негізгі пәндер бойынша «Alpamys» Ұлттық интеллектуалды марафонын ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды

-2019 жылы Халықаралық «Пони» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін дипломмен марапатталды

-2020 жылы Қашықтықтан оқыту жағдайында сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпаққа нәтижелі білім беруді мақсат етіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, жоғары біліктілік және кәсіби шеберлік көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды

-2020 жылы tio.kz Республикалық олимпиадада оқушылары жоғарғы нәтиже көрсетіп өскелең ұрпақтың білім шыңдауына,интеллектуалдық ой-өрісін дамытуға ықпал еткені үшін құрмет грамотасымен марапатталды

-2020 жылы Республикалық дәстүрлі интернет олимпиада байқауында білім алушылардың ынтасын арттыруға,болашақ ұрпақтың тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды

-2020 жылы «Clever» бастауыш сыныптар пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық байқауда жоғарғы көрсеткіштерді иеленгені үшін 2 дәрежелі дипломмен марапатталды

-2020 жылы nio.kz  Республикалық Ұлттық интернет олимпиада бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды

-2020 жылы vpo.kz бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған олимпиадада 2 дәрежелі дипломмен марапатталды