Тренинг «Кешіре білу» » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ноябрь
2021

Тренинг «Кешіре білу»

Қараша айында 8 сынып оқушыларымен «Кешіре білу» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренингтің мақсаты: қарым-қатынастар арасында кездесетін түсініспеушілік кикілжіңдерде бір-бірін кешіре білуге, адамгершілік, рухани байлық, мейірімділік мағыналарына терең үңілуге ықпал жасау


     Кездесуіміз оқушылар алақандарын ысығанша ысқылап, алақан жылуларын жанындағы көршісіне бере отырып амандасумен басталды. 

    «Адам мамандығы қандай мамандық?», «Рухани байлық деген не, қандай қасиеттерді жатқызар едің?», т.б. мейірімділік, адамгершілік төңірегінде сұрақтар қойыла отырып, оқушылар пікірлері тыңдалды. Адам мамандығын дұрыс түсіндіріп бере алды. Яғни адамгершілігі мол, басқаларды түсінетін, жамандық жасамайтын адамның бейнесі шықты.

     «Кешірімділер еліне саяхат» релаксациялық жаттығуында оқушыларға өздерін ренжіткен, көңілдерін қалдырған адамды есіне түсіруге, оған өкпе ренішін айтып, кейін кешіруге нұсқау берілді. «Ренжіткен адамды елестете алдың ба? Оны кешіре алдың ба?» сауалдары арқылы кері байланыс орнатылды. 12 оқушы ренжіген адамы жоқ екенін, 11 оқушы кешіре алғанын айтты.   Осы жаттығуға орай оқушыларға кеңес ретінде іші тасқа толған кеменің суға кететіні мысалға келтіріліп: «Әр реніш жүрегіңде жүк, тас болып жиналады. Босатып тастамасаң одан сайын ауырлай береді. Іші тасқа толған кеме сияқты жан дүниең құлазып, бата бересің. Сол үшін кешірген дұрыс.»- деген бағыт айтылды. 

    Сабақ соңында оқушылардың сабақтан алған әсерлерімен бөлісі үшін стикерлерге жазып жабыстырды. 

     Жалпы жүргізілген тренинг бойынша қорытындылайтын болсақ: оқушылар тренингтен оң әсер алған. Кешіре білу керек екенін ұғынды.


Мектеп психологі:                   А.Т.Кобегенова