1 қыркүйек Білім күні «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиыны » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 қыркүйек Білім күні «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиыны
01
сентябрь
2021

1 қыркүйек Білім күні «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиыны





     Аудандық білім бөлімінің 2020-2021 жылғы жоспарына сәйкес Алакөл аудандық білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім жәнен ғылым министірлігінің 24.08.2021-ғы №5-18-4/3339-И хаты негізінде, 2021-2022 оқу жылының «Білім күні» іс-шарасын дәстүрлі форматта өткізілу жоспарланды. Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиыны 1-сынып оқушылары үшін сағат 9.00-де ұйымдастырылды.Салтанатты жиын бекітілген сценарий бойынша өтті. Мерекеге арналған алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Г.Т.Хасеноваға берілді. Оқушылар мен ұстаздарды оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп оқушыларына сабақтарын жақсы оқуларына тілектестігін білдірді. Салтанатты жиынның құрметті қонағы Үшарал қаласының Аудандық маслихат хатшысы Жабжанов Саяхат Рымжанұлы қатысып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ыстық ықыластарын білдіріп «Әліппе» оқулығын табыстап, мектеп ұстаздарына шығармашылық табыс тіледі. 1 сынып ұстаздары құттықтау сөз сөйлеп, шәкірттеріне ізгі тілектерін білдірді. 1 –сыныптың ата-аналары атынан Керченова Ұлтуған Рабатқызы  құттықтау сөз сөйледі. Алғашқы қоңырауды соғу құрметі 11 – сынып оқушысы Қ.Қойшыбай Мәдиге және 1-сыныптың оқушысы Қайырбек Дианаға және Талғат Бекзатқа  берілді. Мектеп медбикесі Э.Манкебаева оқушылардың денсаулығын қадағалап бақылады.2-11 сыныптарда 1 қыркүйек күні сағат  9.00-де Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Сынып сағаттары әр сынып үшін жеке кабинеттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.Оқу жылының басталуы , Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналғанг «Білім күні»іс- шарасын өткізудің маңыздылығы ескеріліп,ұйымдастыру сұрақтарын тиісті деңгейде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.  Мереке күндері оқушыларға көкке шығуға, табиғи қауіпті жерлерге және қаладағы түңгі ойын-сауық орындарына баруға қатаң тиым салынатынын және аудандық білім бөлімі, КЖТІЖБ инспекциясымен бірлескен кезекшілік ұйымдастырылатыны туралы хабарланды.