Оқушыларды мамандыққа шақыру » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
июнь
2021

Оқушыларды мамандыққа шақыру

ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР!


Мiне, Сiздерде де соңғы қоңырау соғылды! Сiздер жассыздар, алдарыңызда жүздеген жол ашылуда, ал Сiзге өз жолыңызды таңдау керек, бұл Сiздiң өмiрiңiздегi ең маңызды қадамыңыз!

6В07108 «Машинажасаудағы ұсталық-штамптау өндірісі» білім беру бағдарламасы бойынша ұсынылатын төменде   келтірілген қысқаша ақпарат Сiздiң таңдауыңызға көмектеседi деп үмiттенемiз

ОЙЛАНЫҢЫЗ!

                      АҚЫЛДАСЫҢЫЗ!

                              ШЕШIМГЕ КЕЛIҢIЗ!

6В07108 «Машинажасаудағы ұсталық-штамптау өндірісі» (6B071 Инженерия және инженерлік іс) білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды дайындау бағытында білім беруді қамтамасыз ететін «МЕТАЛДАРДЫ ҚЫСЫММЕН ӨҢДЕУ» (МҚӨ) кафедрасы – университеттің байырғы кафедраларының  бiрi болып келеді. Кафедра жұмыс iстегелi берi алты мыңдай инженер даярлап шығарды, олардың арасынан белгiлi ғалымдар, өндіріс жетекшілері және кәсiпкерлер шықты.

Кафедраның материалды-техникалық базасы – Қазақстан және Ресейдің жоғарғы оқу орындарының бағыттас кафедралары-ның iшiнде алдыңғыларының қатарында. 

Кафедрада техника ғылымдарының докторлары, кандидаттары, профессорлар, доценттер, тәжiрбиелi оқытушылар сабақ бередi; мамандандырылған оқу шеберлері мен лаборанттар жұмыс iстейдi.

«МҚӨ» кафедрасында магистратура жұмыс істейді.

Кафедралар Қазақстан (ҚазҰТЗУ, ҚарТУ), Ресей (Мәскеу Болат институты, Екатеринбург Федералдық университеті), Германия (Фрайберг кен академиясы), Чехия (Техникалық университеті), Қытай (Техникалық университеті), Польша (Университеті «Ченстохов политехникасы») және басқада алдыңғы жоғарғы оқу орындары және ғалымдарымен тығыз байланыста.

Кафедраның студенттерi Қазақстан және шет елдерде жүргiзiлетiн әртүрлi олимпиадалар мен ғылыми сайыстарға қатысуда.


6В07108 «Машинажасаудағы ұсталық-штамптау өндірісі»


Аталған бағыт ұсталық-штамптау өндiрiсi деп аталатын техника саласына сәйкес келеді. Соғу, штамптау - пластикалық деформациялау тәсілімен металл құймалары мен дайындамаларынан автомобиль және кеме қозғалтқыштарының буынды біліктерін, білік-шестернялар, автомобиль кузовтары мен басқада мыңдаған атаулы, массасы бір милиграммнан жүз тоннаға дейінгі бұйымдарды алуға мүмкіндік беретін металдарды қысыммен өңдеу түрлері.


6В07108 «Машинажасаудағы ұсталық-штамптау өндірісі» білім беру бағдарламасы бойынша даярланатын мамандар ұсталық-штамптау жабдығын конструкциялау, жобалау және жетілдірумен, оны іске қосу және жөндеумен шұғылданады.


6В07108 «Машинажасаудағы ұсталық-штамптау өндірісі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын бакалаврлардың КӘСIПТIК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI:

  • өндiрiстiк-технологиялық;
  • жобалық - конструкторлық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • менеджерлiк;
  • оқытушы.

Сонымен қатар, бакалавр магистратураға және оны аяқтаған соң докторантурада оқуға мүмкiндiк алады.


6В07108 «Машинажасаудағы ұсталық-штамптау өндірісі» білім беру бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдаған ТҮЛЕКТЕРДIҢ КӘСIПТIК ҚЫЗМЕТ ОБЪЕКТIЛЕРI: қара және түстi металлургия зауыттары, машинажасау зауыттары, қорғаныс және электронды өнеркәсіп зауыттары, жоғарғы және орта арнайы оқу орындары, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұжымдар, металлбұйымда-рын өндiретiн кiшi, орта жеке кәсiпорындар.

6В07108 «Машинажасаудағы ұсталық-штамптау өндірісі» білім беру бағдарламасының студенттерiн ОҚЫТУ келесi түрде жүргiзiледi: 

  • күндiзгi оқу үлгiсi бойынша: мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде (мемлекеттiк бiлiм беру гранты бойынша) және ақылы негiзде; оқу мерзiмi 4 жыл;
  • күндiзгi оқу үлгiсi бойынша орта мамандырылған білім беру негізінде мемлекеттік білім беру гранты және ақылы негізде, оқу мерзімі 2,5 жыл;
  • қашықтан оқыту үлгісі бойынша орта мамандырылған білім беру негізінде: ақылы негізде, оқу мерзімі 3,5 жыл;
  • күндізгі және қашықтан оқыту үлгiсi бойынша екінші жоғары білім алу: ақылы негiзде, оқу мерзiмi 2,5 жыл;
  • қазақ немесе орыс тiлдерiнде (студент қалауы бойынша);
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарына дағдылана оқу.

6В07108 «Машинажасаудағы ұсталық-штамптау өндірісі» білім беру бағдарламасы бойынша университет кітапханасында көптеген оқу-әдістемелік әдебиеттер бар. Сабақтарға дайындалу кезінде студенттер университеттің интернет-класстарында Ғаламтор желісінің қорларын пайдаланады. Кафедраның барлық аудиторияларында жылдамдығы 8 Мбит/с болатын Wi-Fi арқылы Ғаламтор желісіне еркін қосылуға болады. Одан басқа, студенттер оқу кезінде КОМПАС және DEFORM-2D/3D бағдарламалы кешендерінде жұмыс істеу дағдысын алады.

ӨНДIРIСТIК МАШЫҚТАНУДЫ (өндiрiстiк, диплом алдындағы) студенттер «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның механикалық цехтың ұсталық-престеу учаскелерінде, металл бұйымдарын өндіру цехында, «Кұрылысмет» ЖШС-інде, орталық зауыт зертханасында, пішінді - құю цехында, басқада цехтарында, сонымен қатар өз таңдаулары бойынша жүргiзедi.

Басқа қалалардан келген студенттерге катахана беріледі.

БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

Берiлген проспектiде 6В07108 «Машинажасаудағы ұсталық-штамптау өндірісі» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын кафедралар туралы жалпы мәлiметтер бар. Толық мәлiметтi ҚарИУ КЕАҚ келесі мекен-жай бойынша алуға болады: 

Қарағанды облысы, 101400, Темiртау қ., 

Республика даңғылы, 30, ҚарИУ КАҚ.


Қабылдау комиссиясы: 

ҚарИУ Бас корпус, 117 кабинет.

Қабылдау комиссиясының байланыстары

Телефон: (7213)  91-42-34, 8(708)95-95-413 

E-mail: Kgiu_pk@mail.ru;

Front_office@tttu.edu.kz

ҚарИУ сайты:  www. kgiu.kz

E-mail: info@kgiu.kz


«Металдарды қысыммен өңдеу» 

кафедрасымен танысу үшін

ҚарИУ КЕАҚ бас корпус 

Телефоны: 8(7213) 91-50-46 (106), +77479400385

E-mail: metal_forming@tttu.edu.kz,

OMD1964@ mail.ru


«Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасы туралы толығырақ мәліметті университет сайтындағы кафедра парақшасына кіріп білуге болады




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 


ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ


МЕТАЛЛУРГИЯ ЖӘНЕ машинажасау ФАКУЛЬТЕТІ




білім беру бағдарламасы:

6В07108 «МАШИНАЖАСАУДАҒЫ ҰСТАЛЫҚ-ШТАМПТАУ ӨНДІРІСІ» 


дайындау бағыты:

6B071 ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ІС

білім беру бағдарламасының тобы:

В064 МЕХАНИКА ЖӘНЕ МЕТАЛЛӨҢДЕУ


Бейіндік пәндері

Физика-математика


бiлiктiгi: бакалавр


Теміртау қ.