«Өмірім өз қолымда» атты тренинг » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өмірім өз қолымда» атты тренинг
13
январь
2022

«Өмірім өз қолымда» атты тренинг

      Қаңтар айында «Өмірім өз қолымда» тақырыбы аясында, оқушылардың болашаққа, өмірге жағымды көзқарас қалыптастыру, дұрыс мақсат қоюға үйрету мақсатында 10 сынып оқушылрымен тренинг жүргізілді. «Тәтті кәмпиттер қоржыны»,  «Шиеленістен шығу», «Болашаққа саяхат» жаттығулары  және «Жағдайды шешу карталары» әдістемесі жүргізілді.


    «Тәтті кәмпиттер қоржыны» жаттығуында оқушылар кәмпит түсіне қарай сұрақтарға жауап берді. Жаттығу барысында оқушыларда мақтаныш сәті сабақтан немесе спорттан жүлделі орын алып жетістікке жеткен кезде болатынын; қазіргі жағдайларына көңілдері толып ештеңені өзгерткілері келмейтіндерін; Б есімді оқушы биіктіктен және өрмекшілерден қорқатынын; және алаңдататыны – митингтен кейінгі шығыннан халықтың қиналғаны екенін байқатты. Оқушылар өздерін еркін ұстап, ойларын толық жеткізе білді. Терең ойлылық және өз елінің патриоты екендерін көрсете білді.

    «Шиеленістен шығу» жаттығуында оқушылар жіпті шеше алмай біраз қиналды. Соңында жіпті ашу құпиясы және жаттығудың мақсаты айтылып оқушылар түйген ойларымен бөлісті, «әр проблеманың шешімі бар» деген қорытынды жасады.

     «Болашаққа саяхат» жаттығуында Әли алдыға суырылып шықты. 2035 жылға дейін болашағына саяхат жасады. Соңында 2035 жылы Әлидің 1,000,000 теңгелік табысты жұмысы, әйелі және екі баласы, лексус машинасы, вилла үйі бар деген нәтижеге келді. Қазіргі өзіне «Қиындыққа мойымай тек алға жүруге, мақсатқа жету үшін сабақ оқып, ерін еңбек етуге» кеңес берді Ал Малика 2035 жылы мамандығы бойынша оқуын бітіріп, магистратураға тапсырып, жұмыс жасауда.Машинасы, үйі бар. Үйленбеген, уақытын корьераға арнауда.  Болашақтан қазіргі өзіне «Қалағаныңдағыдай өмір сүру үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып, оқып еңбек ету керек» деген кеңес берді. Екі оқушы да сол мақсатына жетуге сенімді.

    «Жағдайды шешу карталары жаттығуы» арқылы әр сұрақ қойған оқушы өздеріне жауап алып, шешімдерін тапты.

    Қорытындылай келе: жүргізілген жаттығулар оқушыларға жағымды ой түюге, болашаққа жағымды көзқарас қалыптастыруға көмектесті.




Мектеп психологі:              А.Т.Кобегенова