Кыдырханова Сымбат Кыдырханқызы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кыдырханова Сымбат Кыдырханқызы
10
июнь
2021

Кыдырханова Сымбат Кыдырханқызы


       2016 жылдан   бастап  Абай атындағы қазақ орта мектебінде «Орыс тілі» пәнінен шәкірттерге білім беріп келеді. Ұстаз жаңа оқыту технологиясының түрлі әдіс- тәсілдерін тиімді қолданып, оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында тынбай еңбектеніп, ізденіс үстінде жүреді. Өз мамандығын жақсы көріп, білімге деген құштарлықпен алға қарай талпынуда. Өз бетінше түрлі олимпиадаларға, курстарға қатысып өзінің білім қорын толықтыра түсуде. Мектепке келген кезден бастап қазіргі бітіруші түлектерге сынып жетекші болып келеді қазіргі таңда ұстаз оқушыларының ыстық ықыласына бөленіп, шәкірттермен де, ата - аналарменде жақсы үйлесімді қарым -қатынаста. Ұстаздың шәкірт жүрегіне жол таба білу шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті, қиналған оқушыға қолдау көрсетіп, шәкіртеріне демеу болып, ақыл- кеңес беру, сыныпішілік ахуалды жақсы ұйымдастыру қабілеті ерекше.  Ұстаз шәкірттері мектепішілік, аудандық жарыстарға, олимпиадаларға қатысып алдыңғы орындардан көрінуде атап айтсақ 2018 жылы аудандық пән олимпиадасында «Орыс тілі» пәнінен 8 сынып оқушысы Серікқызы Асель ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, 2019 жылы «Рухани Алатау» қоғамдық бірлестігі ұсынған «Арт -Талант» атты шығармашылық байқауға қатысқан шәкірті жүлделі орын жеңімпазы атанды, сондай-ақ 2021 жылғы аудандық пән олимпиадасында шәкірті ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұстаз өзінің шәкірттерін мектепішілік іс-шараларғада баулып жақсы жетістіктерге қол жеткізііп отыр.

Біліктілігін арттыру туралы мәліметтер:

07.09.2017ж «Астана университеті» «Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында мектеп пен ЖОО ынтымақтастығын нығайту»  семинар. Тіркеу номері: 5295;

03.11.2017ж «БЖЖИТО» «Обучения учителей русского языка и литературы методике применения техналогии критериального оценивания в рамках ГСО» курс 72 сағаттық. Тіркеу номері: №2290;

04.04.2019ж «Өрлеу» «Жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша»  курс 160 сағаттық. Тіркеу номері: №011626;

Кыдырханова Сымбат Кыдырханқызының шәкірт дайындаудағы, білімін жетілдірудегі  еңбектері төмендегідей марапатталды:

2017 жылы «Ustaz tilegi» ұстаздар  сайтында белсенділік танытқаны үшін «Алғыс хат»;

2017 жылы «Ustaz tilegi» сайты білім саласының дамуына қомақты үлес қосып,ұстаздар сайтында көрсеткен белсенділігі үшін  «Құрмет грамотасы»;

2018 жылы «Clever» сайты ұйымдастырған «Қазақстан ұстаздары» атты «Орыс тілі» пәнінен І дәрежелі дипломмен марапатталды;

2019 жылы «Ұстаздар мерекесі» күніне орай Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы М.Төлеужановтың « Мақтау қағазы» марапатына ие болды;

2019 жылы аудандық   «Үздік сынып жетекші» байқауына қатысып «Ізденімпаз жетекші» дипломымен марапатталды;

2019 жылы «Рухани Алатау» қоғамдық бірлестігі ұсынған «Арт -Талант» атты шығармашылық байқауға шәкірт дайындағаны үшін «Алғыс хат»;

2020 жылы қашықтықтан ұйымдастырылған «Qaztest.kz» сайтында  «Орыс тілі» пәні бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;

2020 жылы қашықтықтан «BILGEN» академиясы ұйымдастырған педагогтардың біліктілігін арттыру тестінен сүрінбей өтіп Республикалық «Білікті педагог» олимпиадасының  ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды;

2020 жылы «Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялар» атты Республикалық ғылыми- практикалық жұмысына белсене қатысқаны үшін «Мадақтама»;