Көкебаев Жанат Торебаевич » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
июнь
2021

Көкебаев Жанат Торебаевич

    Абай атындағы қазақ орта мектепте көп жылдардан бері алғашқы әскери дайындық пәнінен оқушыларға білім беріп келеді. Жанат үнемі сабағында үлкен ізденіс үстінде жүріп өткізеді. Әр сыныптарға ұйымдастырған сыныптан тыс шаралары жоғары бағаланып отырды. Жұмыс бағытында көрсетілген барлық нәтижиелік жұмыстарын ескеруге болады. Мектепішілік алғашқы әскери патриоттық тәрбиенің берілуі мен оның іс жүзінде асырылуына жоғары мән бере алғаны анық көрінді. Жұмысының басты мақсатын ашылуындағы мәнінде жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі жаңашыл ізденістермен толықтырылған деп есептеймін. Жас ұрпақтарға ұлтжандылық тәрбиені бойларына сіңіруде жұмыстанғанын мұғалімнің ізденгендігін оның тәжірибе мен теорялық, практикалық тұрғыдан қамтылған. Өзінің жасаған барлық жұмыстарының нәтижелігіне көз жеткізе білген. Өз мамандығын жақсы көріп, білімге деген құштарлықпен алға қарай талпынуда. Ұстаз өзінің шәкірттерін мектепішілік іс-шараларғада баулып жақсы жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

   Шәкірт дайындаудағы,білімін жетілдірудегі  еңбектері төмендегідей марапатталды:

2019 жылы Алматы облысының білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығы «Мадақтама»;

2019 жылы «Ұстаздар мерекесі» күніне орай Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы М.Төлеужановтың « Алғыс хат» марапатына ие болды;

2019 жылы Аймақтық «Жас Ұлан- 2019» әскери – спорттық ойынында саптық әнді жақсы орындағаны үшін «Мадақтама»;

2019 жылы «Алау-2019» әскери- спорттық ойынға белсене қатысып, «Ерлікке жүрекпен ұмтылу!» тақырыбындағы қойылымдар мен вокалдық және жанрлар бойынша жақсы өнер көрсеткені үшін «Мадақтама»; 

2019 жылы Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы « Алғыс хат» марапатына ие болды;

2020 жылы Алматы облысының білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығы «Алғыс хат»;

2020 жылы Алматы облысының білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығы «ІІ – дәрежелі диплом»;

2020 жылы Өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизм рухында тәрбие бергені үшін және пневматикалық мылтықтан оқ ату бойынша облыстық турнирге «Алакөл» командасын дайындағаны үшін «Алғыс хат»;

2020 жылы Алматы облысының білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығы «Құрмет грамотасы»;

2021 жылы Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектерінің «Qazaqstan patriottary» қоғамдық бірлестігі «Алғыс хат»;