Тұрысбекова Айнұр Тойшыбекқызы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тұрысбекова Айнұр Тойшыбекқызы
10
июнь
2021

Тұрысбекова Айнұр Тойшыбекқызы

     

     2011 жылдан бастап биология пәнінің мұғалімі ретінде өз еңбек жолын осы Абай атындағы мектебінде бастап, қазіргі кезде де  ұстаздық қызметін осы мектепте жалғастыруда.Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта қолдана отырып оқушылармен топтық, жекелей жұмыстар жүргізу арқылы интеллектуалдық  қабілеттерін дамытуда өз үлесін қосуда. 

    Мұғалімнің жеке қорында түрлі көрнекіліктер,дидактикалық материалдар тест жұмыстары бар.Ұстаздың пән бойынша көрсетіп отырған білім сапалары жоғары.  Үлгерімі төмен және дарынды оқушылармен белгіленген жоспар бойынша жұмыстар істелініп жатыр. 

   ҰБТ нәтижесі бойынша тек жоғарғы көрсеткіштер көрсетеді. 

Әр түрлі әдістемелік жұмыстарға, аудандық, облыстық семинарларға белсенді түрде қатысып отырады. Атап айтқанда аудандық «Генетикалық есептер шығару жолдарын үйрету» семинары (2018), «Адам қан топтарының тұқым қуалау заңдылықтары. Резус фактор» облыстық сабақ (2021ж). Аудандық конференцияларда да өз баяндамаларымен бөліседі.   

    Шеберлікті арттыру курстарына мерзіміне сәйкес үздіксіз білімін толықтырып отырады.

Ұстаз шығармашылық ізденістері бойынша баспа бетінде тәжірибе алмасып отырады.Жарияланған еңбектері: «Антропогендік факторлар» (Сындарлы оқыту-оқу үрдісінің тиімділігін айқындайтын негізгі фактор, 2017жыл 75-76 беттер).

Біліктілігін арттыру туралы мәліметтер.

«Жаратылыстану пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» (2018ж); «Білім сапасын арттыруда модификациялық кабинеттердің мүмкіндіктері» семинар-практикум (2018ж); «21 ғасыр педагогы» біліктілікті арттыру курсы (2018); «Cambridge English Plasement test» (2018ж); English certificate NU(2018ж); «Биология пәні бойынша Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» біліктілікті арттыру курсы (2019ж).


Тұрысбекова Айнұр Тойшыбекқызының қызметі барысындағы   мадақтаулары   мен көрсеткен  нәтижелері :

2018 жыл- Аудандық  «Педагогикалық олимп» атты педагогикалық идеялармен жобалар байқауы І орын (диплом);

2021жыл-«Жас ұрпаққа сапалы білім берудегі жемісті еңбегі үшін»,  аудандық білім бөлімі (Мадақтама); 

Оқушылары алған жетістіктері: 

2017 жыл- Аудандық пәндер олимпиадасы Байзақова Диана  ІІІ орын. 

2019 жыл - Аудандық пәндер олимпиадасы Сабирова Томирис ӀӀ орын. 

2021жыл – Аудандық пәндер олимпиадасы Шакер Жұлдызай ӀӀ орын.