Кельгенбаева Айгерим Муратовна » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кельгенбаева Айгерим Муратовна
10
июнь
2021

Кельгенбаева Айгерим Муратовна


  2008 жылдан бастап тарих пәнінің мұғалімі ретінде еңбек етіп келеді.Қазіргі кезде Абай атындағы мектепте  ұстаздық қызметін жалғастыруда.Ұстаз  сабақ   барысында оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін   қолданып, тарих сабағына деген оқушылардың қызығушылығын арттырып,тарихи білім қалыптастыруда өз үлесін қосып жатыр.Тарих сабағында оқушылардың ауызекі дұрыс сөйлеу,өз ойын ашық айту,нақты фактілермен сөйлеу, сұрақтарды дұрыс құрастыра  білу сияқты дағдыларын қалыптастыруда.

    Мұғалімнің жеке қорында көрнекіліктер,дидактикалық    материалдар,аудио-бейне құралдар,тақырып бойынша құрастырылған тест жұмыстары бар.Ұстаздың пән бойынша көрсетіп отырған білім сапалары жоғары.Үлгерімі төмен оқушылармен жекелей жұмыс жасауға талпынады.

  Ұстаз  шәкірттерін әртүрлі білім байқауларына,олимпиадаларға  үздіксіз қатыстырып отырады.Атап айтқанда: «ЗОЛОТОЕ   РУНО»халықаралық    конкурсында,аудандық   олимпиадаларда,Қазақстан тарихы бойынша жалпықазақстандық   сырттай олимпиадаларға,Республикалық  «Жас дарын»ғылыми жоба   және инновациялық журналының ұйымдастыруымен  «Ең үздік» ғылыми жобалары.

  Айгерим Муратқызы әдістемелік жұмыстарға да белсенді түрде қатысады.Аудандық,облыстық  көлемдегі семинарларға  үздіксіз қатысып,әртүрлі тақырыптағы баяндамаларымен көпшілікті таныстыруда. Атап айтқанда: «Педагогикалық инновация-білім сапасын қамтамасыз   етудің шарты»атты республикалық –практикалық конференцияда «Тарих  пәнін оқытуда  ақпараттық   технологияны пайдалану мәселелері»тақырыбында  баяндама оқыды.Аудандық  тарихшылар вебинарында: «Онлайн сабақ кезінде пайдаланылатын програмалар», «Қашықтықтан өткізілетін сабақтың тиімділігін арттыру»тақырыптарында  сөз сөйлеп,тәжірибесімен бөлісті.

Аудан бойынша,қашықтық форматта   өткізілетін байқауларға үнемі белсенді түрде қатысады.Шеберлікті арттыру курстарына мерзіміне сәйкес үздіксіз білімін толықтырып отырады.

Ұстаз шығармашылық ізденістері бойынша баспа бетінде тәжірибе алмасып отырады.Жарияланған еңбектері: «VI- IX ғасырларда билік құрған  қай қағандардың есімі тарихта сақталды» тақырыбындағы мақаласы  Білім көкжиегі журналында жарық көрді .(2017жыл.№7,36-38бб); «Тарих пәнін   оқытудың тәрбиелік мәні»  (Білім көкжиегі,2017жыл,№10,10-12бб); «Қазақ тарихында би-шешендер  мұрасы» (Жас дарын,2020жыл 19-21беттер).

Біліктілігін арттыру туралы мәліметтер.

Қазақстанның аймақаралық біліктілігін арттыру орталығы  «Діндер тарихы»(2016жыл); «Білім және инновациялық  технологиялар   орталығы «Жаһандану жағдайында орта мектептегі   сынып жетекші жұмысын ұйымдастыру парадигмасы»(2017жыл); «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде   «Қазақстан тарихы»және «Құқық   негіздері»пәндері бойынша  педагог кадрлардың біліктілігін арттыру»(2017жыл).


Айгерим Муратқызының  қызметі барысындағы   мадақтаулары   мен көрсеткен  нәтижелері :

2017 жыл- Аудандық  тарих пәні мұғалімдері арасында өткен «Алаш арысы» байқауы ІІ орын (диплом);

«Педагогикалық инновация-білім сапасын қамтамасыз етудің  шарты»атты республикалық ғылыми-практикалық  конференция жұмысына белсене қатысқаны үшін (Мадақтама);


2018жыл-«RCDO.KZ»Республикалық қашықтықтан    өткізілетін олимпиадалар орталығы ұйымдастырған  Қазақстан тарихы пәні  бойнша Жалпықазақстандық  олимпиадасына жеңімпаз дайындағаны  үшін»(Алғыс хат); 

2020жыл- Республикалық «Жас дарын» ғылыми жоба және инновациялық  журналының ұйымдастыруымен «Ең үздік»ғылыми  жоба байқауында ғылыми жетекшілік еткені үшін(Грамота);

2020жыл- Аудандық  «Педагогикалық идеялар фестивалі»атты байқау ІІІ орын (Диплом);

2021жыл- Қазақстан тарихы бойынша мұғалімдергі арналған қашықтық олимпиадасында аудан бойынша ІІІ орын (Мадақтама);

2021жыл-Qaztest.kz  сайты ұйымдастырған қазақтың  тұңғыш тарих ғылымдарының докторы,профессор Ермұхан Бекмаханұлы атындағы  ІІІ Республикалық Қазақстан тарихы қашықтық  олимпиадасы  ІІІ   орын (диплом).