Нурымова Марал Қуанышбайқызы » Абай атындағы қазақ орта мектебі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
"Абай атындағы қазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 3-51-39
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Нурымова Марал Қуанышбайқызы
10
июнь
2021

Нурымова Марал Қуанышбайқызы


       2015 жылдан бастап Абай атындағы қазақ орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. Ұстаз жаңа оқыту технологияларының түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, оқушылардың логикасын дамыту, ойлау қабілеттерін қалыптастыру бағытында тыңғылықты нәтижеге ұмтылады. Өзінің жеке әдістемелік қорында көрнекіліктер, дидактикалық таратпалы материалдар, тестілік үлгілер оқушылардың пайдалануына лайықталып, жүйеге келтірілген. 

Аудандық «Педагогикалық олимп» атты педагогикалық идеялар мен жобалар байқауына, Жаратылыстану бағыты бойынша «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбындағы аудандық үздік сабақтар фестиваліне,   Аудандық мұғалімдер арасында өткен пән олимпиадасына қатысып жүлделі орындармен марапатталды. 

Оқушылары  Аудандық пән олимпиадасында Ешмухамбетова Ажар – ІІІ дәрежелі, 

Арынова Малика – ІІІ дәрежелі, Батырбеков Ерсұлтан – ІІ дәрежелі, 

Аудандық 7-8 сынып оқушылары арасындағы пән олимпиадасында 

7-сынып оқушысы Анарбек Ақниет, 8- сынып оқушысы Макетай Айым ІІ дәрежелі, 

www.tio.kz Республикалық Дәстүрлі интернет онлайн олимпиадасында 9- сынып оқушылары Молдаш Аяулым, Серікқызы Әсел ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.


Марал Қуанышбайқызы әдістемелік жұмыстарға белсенді ат салысады. Мысалы, аудан көлемінде семинарға қатысушы ұстаздар алдында өткізген ашық сабақтары өзіндік ізденістерімен  құнды. Сонымен қатар  «Білім сапасын арттыруда модификациялық кабинеттердің мүмкіндіктері» тақырыбындағы семинар – практикум, Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттырудың заманауи әдістері» атты облыстық семинар-тренинг, «Білім берудегі инновациялық үдерістер» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция жұмыстарына белсене қатысты. 

Ол өзінің шығармашылық ізденістері бойынша баспа бетінде тәжірибе бөлісіп отырады. Жарияланған еңбегі «Алкандар» тақырыбындағы  мақаласы  «Жаңартылған бағдарлама бойынша химия пәнінен 9-сыныптың қысқа мерзімді жоспарларының» жинағында жарық көрді (Алматы 2018 жыл, 31-33 беттер); 


Біліктілігін арттыруы туралы мәліметтер:

Алматы қаласы Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы «Жаhандану  жағдайында жалпы білім беретін мектептердегі химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» бойынша, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қазақстан   Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру, Педагогикалық шеберлік орталығы «Оқушылардың жаратылыстану - ғылыми және оқу сауаттылығын креативті ойлауын дамыту» педагог біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы  бойынша толық курстардан өткен.


Марал Қуанышбайқызының балаларға білім берудегі еңбегі төмендегідей марапатталған:

2018 жылы Аудандық «Педагогикалық олимп» атты педагогикалық идеялар мен жобалар байқауында «Үздік панорамалық шебер – сынып» номинациясы бойынша мадақтама;

2019 жылы – Алакөл аудандық білім бөлімінің «Білім жүйесіндегі шығармашылық істері, жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қызметі үшін»  мадақтама.